Жаңалық

Мамандандырылған тамақ өнімдері туралы не білуіңіз керек?

Соңғы жылдары адам денсаулығын жақсартуға бағытталған өнімдер сегментінің белсенді өсуі байқалды, олардың қатарына мамандандырылған тамақ өнімдері кіреді.

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес, мамандандырылған тамақ өнімдері – жекелеген заттардың немесе барлық заттар мен компоненттердің құрамына және (немесе) арақатынасына қойылатын талаптар белгіленген және (немесе) жекелеген заттардың құрамы және (немесе) табиғи құрамына қатысты арақатынасы өзгертілген және (немесе) құрамға бастапқыда қатыспайтын заттар немесе компоненттер (тағамдық қоспалар мен қоспалардан басқа) енгізілген және (немесе) дайындаушы олардың емдік және (немесе) профилактикалық қасиеттері туралы мәлімдейтін және бұл адамдардың жекелеген санаттарында қауіпсіз болып табылатын арнаулы тамақ өнімдері.

Мамандандырылған тамақ өнімдеріне мыналар жатады: диеталық емдік және профилактикалық тамақтану өнімдері, спортшылардың тамақтануына, жүкті және бала емізетін әйелдердің тамақтануына арналған өнімдер, энтеральді тамақтану, диабеттік тамақтану өнімдері, рефлюкске қарсы қоспалар, шала туылған және (немесе) салмағы аз балаларды тамақтандыруға арналған қоспалар, төмен лактозалы (лактозасыз) өнімдер, аз (немесе аз қамтылған) өнімдер жеке аминқышқылдары.

Мамандандырылған тағамның тамақ өнімі: адам ағзасының аурулардың қауіп факторлары мен патогенезін ескере отырып, қажетті тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс; контаминанттар мен биологиялық белсенді заттар мен қосылыстардың, микроорганизмдердің және басқа да биологиялық организмдердің рұқсат етілген құрамы бойынша белгіленген гигиеналық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

Оралған тамақ өнімдерінің таңбалауында мынадай мәліметтер болуы тиіс: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, ГМО-ның болуы туралы мәліметтер және ЕАС белгісі.

Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес мамандандырылған тамақ өнімдері міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Өнімдерді саналы түрде таңдаңыз!

Related Posts

Жаңалық

«Zhasproject»: Алматы облысының жастарына 1 млн теңге грант беріледі

Өңір жастарының өз кәсібін ашып, оны ілгерілетуі үшін  «Zhas Project»  жобасы іске қосылады. Бұл туралы Алматы облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Мақсат Кенешев пен Алматы облысының Азаматтық Альянсы президенті Балжан
Жаңалық

Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

  Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында экологиялық реттеу бөлімінің басшысы Гаухар Абылқасымова және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Данияр Өмірбеков мәлімдеді. Өңіріміз өндірісі дамыған аймақ, алайда өнеркәсіптерден шығатын
Жаңалық

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына бір жыл ішінде 36 000 науқас жүгінді

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы - Алматы облысы мен Алматы қаласы тұрғындары үшін жетекші медициналық қызмет көрсету орталығы болып есептеледі. Клиникада мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек шеңберінде ең күрделі ауруларды