Жаңалық

Алматы облысында сел қаупі сейілді

 

Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі мен мол жауын-шашын өңірдегі жағдайды күрделендіріп, табиғи апат қаупін күшейтті. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мамандарының үйлесімді және жедел жұмыстарының арқасында сел қаупі сейілді.

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Дәурен Азаматовтың айтуынша, ең қауіпті учаскелер Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелген. Бұл аудандардағы мұздықтардан толатын тау өзендері, әсіресе Талғар, Түрген және Қаскелең өзендері сел қаупін тудырды. Дер кезінде қабылданған шаралар апаттардың алдын алуға мүмкіндік берді.

«Биыл біз 34 бақылау бекетін орнатып, 152 жерүсті және 5 әуеден тексеру жұмыстарын жүргіздік. Қауіпті аймақтарға 16 ескерту белгілері орнатылып, жағдайды үнемі бақылауда ұстадық”,– деп атап өтті Дәурен Азаматов.

«Қазселденқорғау»ММ басшысының орынбасары Айдын Бошкаев нақты шаралар қабылдаудың арқасында сел қаупін азайту мүмкін болғанын айтты.
“Мореналық көлдердегі су деңгейін төмендету үшін сифонды құбырлар орнатылып, арналар тереңдетілді, бұл сел қаупін едәуір төмендетуге көмектесті”,-деді ол.

Алматы облысында биылғы сел қаупі кезеңі табысты аяқталды. Дегенмен, мамандар табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болу керектігін ескертеді. Өңірде 285 мореналық көлдің 76-сы қауіпті деп есептеледі. Сондықтан бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғаса береді.

Сел қауіпінің алдын алу шаралары 4 мыңға жуық тұрғынды және 1000-нан астам нысанды қауіптен қорғауға мүмкіндік берді.

Related Posts

Жаңалық

Төтенше жағдай кезінде сирена қосу алгоритмі қайта пысықталып жатыр

Төтенше жағдай кезінде халықты хабардар ету үшін сирень-сөйлеу қондырғыларын қолдану алгоритмі министрлік деңгейінде қаралуда. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары Данияр Қасымовтың қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды. Жалпы, халықты
Жаңалық

Бақыт Нарбутаев Қарасай аудандық мәслихат депутаты болып сайланды

2024 жылғы 31 наурызда №6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Қарасай аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 7174 азамат енгізілді. Дауыс беруге -2756 сайлаушы, оның
Жаңалық

Алматы облысында 5 айдан бері мектептің құрылысы тоқтап тұр

Аманаттықтар құрылысы баяу жүріп жатқан білім беру нысандарын аралады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді. Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Төле би ауылында жаңадан салынып жатқан мектептің құрылысы маусым
Жаңалық

Алматы облысында МӘМС аясында бөлінген «Аңсаған сәби» квотасы 100 пайыз игерілді

Денсаулық  сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, биыл өңірдегі 523  отбасыға осы бағдарлама игілігін көру мүмкіндігі берілген. Президент пәрмені сәбиді аңсап жүргендер талай отбасыға үміт сыйлағаны анық. Мәселен, 2022-2023