Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

 

Жылыту маусымы басталысымен, Алматы облысында өрт және газбен байланысты оқиғалар саны артып келеді. Бұл кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше атап өтуде. Жыл басынан бері облыста 613 өрт тіркелсе, оның 379-ы тұрғын үй секторында болған. Оқиғалар салдарынан 14 адам қаза тапты.

ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары подполковник Александр Пархоменко тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін мұқият сақтауға кеңес берді.
“Қауіпсіздік шараларын сақтамау кейбір жағдайларда оқыс оқиғаларға әкелуі мүмкін, сондықтан әрбір тұрғын қарапайым ережелерге ерекше мән беруі қажет,”- деп атап өтті ол.

Жылыту маусымында негізгі қауіптер қатарында пештерді дұрыс пайдаланбау мәселесі тұр. Мамандардың айтуынша, пештерді қараусыз қалдыруға, балаларға сеніп тапсыруға, сондай-ақ тұтатқыш ретінде жанғыш сұйықтықтарды қолдануға болмайды.

Сонымен қатар, газбен байланысты жағдайларға да назар аударған жөн. Биыл облыста 7 газ-ауа қоспасының жарылысы тіркелді, нәтижесінде 5 адам жарақат алып, 1 адам қаза тапты. Мұндай жағдайлар, әсіресе қыс мезгілінде, газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындауы мүмкін.

Алматы облысының өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары Қанат Есболғанов облыс аумағында мерзімі өткен 21 мыңға жуық газ баллондарының әлі де пайдаланылып жүргенін атап өтті. “Бұл мәселе, әсіресе, ауылдық жерлерде өзекті, себебі бұл аудандарда әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар жиі кездеседі,”-деді Есболғанов.

Қанат Есболғанов тұрғындар арасында газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын да айтты. Қауіпті баллондарды уақытылы ауыстыру және оларды сапалы техникалық қызмет көрсету шаралары арқылы бақылауға алу қажет.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандары өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарапайым ережелерді сақтауға шақырды.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында «Ауыл олимпиадасы» басталды

Алматы облысында ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға арналған "Ауыл олимпиадасы" бастау алды. Екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан бұл білім бәйгесі ауыл мектептерінде оқитын балаларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Жаңалық

ЖУ-да «Менің туым» акциясы өтті

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  25 қазан – Республика күні қарсаңында «Менің туым» акциясы өтті. Мемлекеттік ту көтеру  рәсіміне Әскери кафедра  командирлері, университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттер қатысты. Әлеуметтік жұмыс және
Жаңалық

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасуда

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын
Жаңалық

Қор міндеттерінің бірі — пациенттермен кері байланысты бақылау

Бүгін «Аlatau24.kz» ақпараттық агенттігінің редакциясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Алматы облыстық  филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев. Спикер халықты толғандырған жүйе аясындағы өзекті сауалдарға жауап беріп, мәселенің күрмеуін тарқатпақ.   -Тілеухан Шілдебайұлы,