Жаңалық

Қонаев қаласының тұрғындары тұрғын үй құрылысының сапасына наразылық білдірді

Бұл туралы «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қонаев қаласы 5 шағынауданының тұрғындары өтінішін арқалап келді. Баспанаға әрең қол жеткізген тұрғындардың «ICB Company» құрылыс компаниясына өкпесі қара қазандай.

Тұрғындардың айтуынша, үйдің шатырынан су сорғалап, қаңылтырлары ұшып кеткен. Электр энергиясын таратқыш трансформатор қоршалмаған, едені қисық, пандустары құлай бастаған. Үйге табиғи газ қосылмаған деп шағымданды.

«Осы кемшіліктерді көрсетіп қала әкімдігіне бардық. Олар компания өкілдерін шақырды. Алайда мердігер кездесуге келмеді. Қыс болса қылышын сүйретіп келе жатыр. 80 пәтердің тұрғындары мәселелерінің шешімін таппай отыр», – деді тұрғын Арман Балхашев.

Пәтер иелері құрылыс компаниясына шара қолданып, аяқталмаған жұмыстарын аяқтап, «жосықсыз мердігер» деп тануды партиядан ықпал етуін сұрады.

«Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы 25 қазанға дейін орындалуы қажет. Біз хаттама толтырып оның орындалуын қадағалау Қонаев қалалық әкімдікке жүктеледі», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында 300 су қойма штаттық режимде жұмыс жасап тұр

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Көктем келе қызыл судың қатерінен сақтану әдетке айналған. Қазіргі таңда жауаптылар су қоймаларына жүйелі түрде бақылау жүргізу үстінде. Штаттық
Жаңалық

МӘМС төлемі 2️024 жылы қандай мөлшерде болады?

МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады. Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% -
Жаңалық

Алматы облысында жүгері өнімділігі рекорд жаңартты

  Алматы облысы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы ел экономикасының жетекші күштерінің бірі екенін тағы да дәлелдеді. Биылғы аграрлық маусымда егістік алқаптарының көлемі азайғанымен, өнімділік рекордтық деңгейге жетіп, жаңа технологиялар мен
Жаңалық

Алматы облысының 300-ден астам саяжай массиві елді мекенге қосылады

Саяжай алқабының аумағын жақын маңдағы елді мекендердің шекарасына енгізе отырып, бас жоспарларды түзету бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Болат