Жаңалық

Алматы облысында кәсіпкер шылаушын өсіріп отыр

Ақдала ауылында тұратын Мархабат Қуандықов калифорниялық қызыл құртты көбейтіп, топырақтың құнарын арттыратын биогумос өндіріп жатыр. Соның арқасында биыл бау-бақшасы да берекелі болды.

Мархабат Қуандықовты шылаушын өсіруге достары шақырған. Былтыр Алматыдағы оқу семинарына қатысып, сертификат алады. Шылаушын асырау арқылы пайдалы іспен айналысуға болатынын түсінді. Сөйтіп, бір шаршы метр жерді тыңайтуға жететін «калифорниялық» қызыл шылаушындарды 150 мың теңгеге сатып алды. Бақшасындағы қи аралас топыраққа жіберіп бағады. Көп ұзамай шылаушын 500 шаршы метр жерге жайылады.

«Бұған тек бақша емес, дәнді дақылдарды өсіруге болады. Шөпті, жоңышқа, жүгеріні өсіруге болады. Жерді тыңайтады ғой», – дейді кәсіпкер.

Бастапқыда өз ісін 10 шақты жауын құртымен бастаған шаруаның кәсібі ауылдастарына таңсық көрінді. «Құрт өсіріп уақытты босқа құртқанша, мал көбейтпей ме» дегендер болған. Бірақ Мархабат көктемде 10 гектар бау-бақшаны биогумуспен тыңайтты. Нәтижесінде қарбызы допша үрленіп пісті. Ал бір түп қызанақ бір шелек өнім берді.

«Өнімділік нәтижесі жақсы. Алдында бір уыс шыққан ғой қарбыз, қызанақтар. Өнімді жақсы береді. Бір қызанақтың өзінен ала берсең, қайта қайта шыға береді», – дейді Ақдала ауылының тұрғыны Тілеген Қордабайұлы.

Шылаушын өсірудің технологиясы қиын емес. Қи мен ми, су мен ылғал болса жеткілікті, – деп әзілдейді шаруа. Бақшадан 4 есе артық өнім жинаған кәсіпкер құнарланған топырақты ауылдастарына таратқан. Бақанас аймағының жері сортаң, тұзды, керішті келеді. Көкөніс пен жеміс-жидек өсе бермейді. Ал шылаушынмен тыңайтылған жер құнары артып, бақша дақылдарын молынан өсіруге болады, – дейді шаруа.

Related Posts

Жаңалық

Электромагниттік өрістің адам денсаулығына әсері

Қазіргі әлемде бәріміз тұрмыстық электронды құрылғылармен (теледидарлар, компьютерлер, микротолқынды пештер, ұялы байланыс аппараттары) қоршалғанбыз және осы құрылғылардан бөлінетін техногендік электромагниттік өрістердің теріс әсеріне ұшыраймыз. Жетісу облысының СЭБ Департаментінің бақылауында 850
Жаңалық

Алматы облысында жаңа инновациялық мектеп ашылды

2024 жылғы 6 қарашада Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округіне қарасты Өрікті ауылында 1500 орынға арналған жекеменшік «ALTYN ADAM» инновациялық мектебі ашылды. Бұл білім ордасы заман талабына сай, жаңа
Жаңалық

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады

  Жылыту маусымы басталысымен, Алматы облысында өрт және газбен байланысты оқиғалар саны артып келеді. Бұл кезеңде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды екенін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ерекше атап өтуде. Жыл