Жаңалық

Санэпидқызметке 1034 өтініш: Алматы облысының тұрғындары неге шағымдануда?

 

Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі 9 айындағы жұмыс қорытындылары туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баяндады. Оның айтуынша, басты мақсат – өңір тұрғындарының санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері аймақта 4,5 мыңнан астам жұқпалы ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам қатынаста болған адамдар тексеріліп, 995 ошақ толық дезинфекцияланған. Сонымен қатар, кене энцефалиті, безгек және туляремия секілді ауруларға қарсы кешенді шаралар жүргізілген.

“738 гектар жерге кенеге қарсы, 70 гектар су айдынына безгекке қарсы өңдеу жасалып, 2 мың гектар аумақта туляремияның табиғи ошағында дератизациялық шаралар өткізілді”, – деді Марат Исмаилов.

Жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында тұрақты мониторингтің арқасында 52 ауру тіркелмей, 28 нозология бойынша сырқаттанушылық төмендеген. Олардың ішінде туберкулез 72%-ға, созылмалы В гепатиті 33,3%-ға, бруцеллез 33,9%-ға азайған. Бұл аймақтың эпидемиологиялық жағдайын айтарлықтай жақсартқанымен, вакцинация мәселесі өзекті болып қалуда.

Бас дәрігердің айтуынша, вакцина алмаған балалар арасында қызылша, көкжөтел және А вирустық гепатиті секілді аурулардың өршуі байқалады. Осыған байланысты халықты вакцинациядан өтуге шақыру – маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Сонымен қатар, санитарлық қызмет мемлекеттік бақылау мен қадағалау бағытында да белсенді жұмыс істеп келеді. Биыл 1 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, олардың барлығы “Е-лицензиялау” порталы арқылы автоматтандырылған. Бақылау нәтижесінде 620 тұлғаға 300 миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Бұдан бөлек, жеке және заңды тұлғалардан 1 034 өтініш қаралып, 90%-ы ауа мен судың ластануы, жоғары шу деңгейі, бөгде иістер және санитарлық-қорғау аймақтарының сақталмауы мәселелеріне қатысты болған.

Марат Исмаиловтың мәлімдеуінше, санитарлық қызмет халық денсаулығын қорғау және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында жұмыстарын қарқынды түрде жалғастырады.

Related Posts

Жаңалық

Қыркүйекте жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Олжас Отар мәлімдеді. Олжас Отардың ақпарынша, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі енгізілгенін, оның шеңберінде
Жаңалық

Архивтегі революция: Алматы облыстық әмбебап кітапханасы жаңа кітап қорымен толықты

Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ облыстық әмбебап кітапханаға 400 данаға тарта кітапты тарту етті. Кітапхана қорын толықтырған бұл жазбалар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия
Жаңалық

Менингококк инфекциясының алдын алу

Менингококк инфекциясы — бұл симптомсыз тасымалдаушыдан, назофарингит (мұрын мен жұтқыншақ шырышты қабығының қабынуы), менингит (ми қабығының қабынуы) және менингококкты сепсис (инфекцияның қанға жұғуы) өткір түрінде өтетін, бактериядан туындайтын жіті инфекциялық
Жаңалық

Кегенде дін мен зайырлылық мәселелері тақырыбында форум өтті

Кеше Алматы облысы Кеген ауданында «Ислам және зайырлы мемлекет» атты аудандық форум болып өтті. Форумның басты мақсаты – қоғамда жиі талқыланып жүрген зайырлы мемлекет туралы түсінікті кеңейту. Форум Кеген аудандық