Жетісу облысыМедицина

Мектептерде қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Жыл басынан аудандық, қалалық басқармалары прокуратура органдарымен бірлесіп 187 мектеп асханаларына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, барлығынан бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Самат Ахметов мәлімдеді.

Тексеру барысында асханаларда ас блогы қызметкерлерінде медициналық кітапша болмаған. Азық-түлікті сақтау шарттары бұзылған, шикізаттың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары  болмаған, қоймадағы бақылау-өлшеу аспаптары жоқ, рұқсат етілмеген өнімдер: дәмдеуіштер, қоспалар, қуырылған бәліш қолданылған.

Нәтижесінде прокуратура органдарының ұсыныстары бойынша 50 әкімшілік айыппұл жазылып, 2 жарым миллион теңгеге  жуық қаражат салынды. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болмауына байланысты 7 материал сотқа жіберілді.

Мектеп асханаларында күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам тағамдардың және  аспаздық  өнімдердің  сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізу қажет. Сондай-ақ, білім беру объектілерінде, мектепке дейінгі ұйымдарда, балалар үйлерінде тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді. Оның құрамы медицина қызметкерін, әкімшілікті, өндіріс меңгерушісін және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен айқындалады.

Related Posts

Жетісу облысы

Теміржолшылар әулеті өз таңдауын жасады

Теміржолшылардың үш буыны қалыптасқан әулет өздерінің таңдауларын жасады. Бұл отбасы бірде-бір осындай маңызды күнді қалыс қалдырған емес. Отағасы Данияр Балаубеков атап өткендей, бұл күн ел ертең үшін маңызды күн. «Біздің
Жетісу облысы

Қаратал ауданында жас отбасылар өз таңдауын жасауда

Қаратал ауданы, Бәйшегір ауылдық округінің №155 дауыс беру учаскесінде бірнеше жас отбасылар - Рысбековтар, Какишевтар, Мырзахановтар отбасыы келіп өз таңдауларын жасады. Жастар ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап, аудан жастарын
Жетісу облысы

Жетісу облысы бойынша 463 дауыс беру учаскесі өз жұмысын тоқтатты

Облыс тұрғындары үшін 463 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін дауыс берді. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутов хабарлады. Жалпы облыс бойынша 442 429
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын өткізу жоспарлануда

Басты мақсат 5 желтоқсан –   Халықаралық  волонтерлер күніне орай үздік еріктілерді марапаттау, ынталандыру  және  жеткен  жетістіктерін халыққа жариялау. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Шараны ұйымдастырушылар Жетісу