Жаңалық

Алматы облысында Қытай үлгісіндегі шыны көпір салынады

Алматы облысының табиғаты ерекше «Қара шатқал» аймағында елде баламасы жоқ бірегей нысан — шыны көпір салынбақ.
80 метр биіктікте, 170 метр ұзындықпен керілген бұл көпір туристерге ерекше әсер сыйлап, аймақтың тартымдылығын арттыра түспек. Аталмыш жобаны жүзеге асыруды қолға алған «ASK Capital» компаниясы оның толықтай аяқталуын 2025-2026 жылдары күтіп отыр.

Сапалы туризмді дамытуға бағытталған жобаның аясында «Қара шатқал» аймағына қажетті инфрақұрылым, соның ішінде электр желілері де тартылатын болады. Қазіргі уақытта аймаққа 400 миллион теңге инвестиция салынған, алдағы үш жылда қосымша 500 миллион теңге көлемінде қаржы құю көзделіп отыр. Осы уақыт аралығында аймақта 30 заманауи үй, бірнеше сәнді коттедж бен үш мейрамхана бой көтермек.

«Экотуризмнің танымалдылығы артып келеді, сол себепті біз шатырлы қалашықтар мен хайтек стиліндегі үйлер тұрғызуды жоспарлаудамыз. Туристерге ыңғайлы әрі қызықты орындар дайындап, бұл аймақты ерекше демалыс орнына айналдырмақпыз», — деп атап өтті жобаның жетекшісі Сырым Көлбаев.

Жоба тек көпірмен шектелмей, қосымша 3,5 гектар аумақта балық аулау алаңын құруды да қамтиды. Мұнда туристерге арнап 2-3 күндік турлар ұйымдастырылып, су жағасына жақын демалыс орындары жасақталады.

Жалпы құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба Қазақстанның туристік инфрақұрылымына тың серпін берері сөзсіз. «ASK Capital» өкілі Манат Тағаевтың айтуынша, көпірге дыбыстық және визуалды эффектілер орнатылып, оның бетінде жарық және дыбыстық әсерлер көрсетілетін болады.

«Біздің шыны көпіріміз Қытайдағы белгілі нысанға ұқсас, бірақ Қазақстан үшін бірегей жоба. Көпірдің арғы бетінде туристерге арналған көңіл көтеру алаңдары, атпен серуендеу және квадроцикл аймақтары да қарастырылған. Жобаның толықтай іске асуы 2025 жылдың күзіне жоспарланған»,-“ASK Capital” өкілі Манат Тағаев.

Алматы облысындағы бұл ерекше нысан табиғатқа етене жақын экотуризмді дамытып, елімізге туристер тартудың жаңа кезеңін бастамақ.

Related Posts

Жаңалық

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті

Дәрігер - хирург Тұрарбеков Асқар Маратұлы және Сакенов Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен емдеу мекемесіне жоспарлы түрде түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия отасын сәтті жасап шықты. Операция
Жаңалық

Жетісуда Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде

Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік
Жаңалық

Қазақ ән өнерінің қара нары Нұрғали Нүсіпжанұлы Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов туған күні қарсаңында Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанды. Ән өнерінің дарабозына облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев өңір әкімі Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауы