Жаңалық

Кеген ауданында 30 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Кеген ауданында 30 отбасыға көптен күткен тұрғын үйдің кілттері табысталды.
Жаңа баспаналар көп балалы отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері, 1-2 топтағы мүгедектер және жалғыз басты аналар сияқты әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға арналды. Бұл мемлекет тарапынан халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Кілт табыстау рәсімі кезінде аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев жүрекжарды алғысын жеткізіп, жобаның маңыздылығын атап өтті. «Бүгін біз 71-ші үйдің кілтін табыстап отырмыз. Осылайша, облыс әкімі мен мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан жоба ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш пен қолдау болды. Бұл бастаманың келешекте де жалғасқанын қалаймыз», — деді әкім өз сөзінде.

Жаңа қоныс иелерінің бірі, көп балалы ана Эльмира Нұртаева, қуанышын жасырмай, алғысын білдірді.
«Бүгін біз жаңа үйдің табалдырығын аттадық, бұл облыс және аудан әкімінің зор қолдауының арқасында мүмкін болды. Осы қуанышты сәтті бізбен бөлісіп, аудан әкімдігіне алғыс айтамыз. Үйімізде тек шаттық пен қуаныш болсын, болашақта да жастарға осындай мүмкіндік бұйыра берсін»,- деді Эльмира жүрекжарды қуанышын бөлісіп.

 

Кеген ауданында соңғы бес жылда 71 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, бұл аймақтағы әлеуметтік жағдайдың жақсаруына және тұрғындардың тұрмыс сапасының артуына үлес қосып отыр.

Related Posts

Жаңалық

Қонаевтағы ескерткіштердің аумағы тазаланды

Елімізде «Киелі мекен» эконауқаны өтіп жатыр. Аталған акция мәдени мұралар мен ескерткіштердің аумағын тазалап, абаттандыруға арналған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс орталықтарында да қарқынды жүріп жатыр. Бүгін Абай Құнанбайұлы мен Қонаев
Жаңалық

Қандай ауруларды ерте анықтау үшін скринингтер жүргізіледі және қандай жас топтары үшін?

Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС
Жаңалық

Үкімет басшысы өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңір әкімдеріне еңбек жәрмеңкелерін жүйелі өткізуді тапсырды. «Өңір әкімдері бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін жүйелі түрде өткізіп, Астанада іске асырылып жатқан «Жолтап» пилоттық жобасын үлгі ретінде
Жаңалық

Алматы облысында 5 миллиард теңгеге жуық субсидия қаржысы ұрланған

Алматы облысының прокуратурасы облыстың ауыл шаруашылығы басқармасын тексеру нәтижелері бойынша бюджеттік субсидияларды ұрлаудың, оларды заңсыз төлеудің және шаруаларға "таңдау әдісімен" төленген жүйелі схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Alatau24.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме