«AMANAT» ПАРТИЯСЫНАН ҰСЫНЫЛҒАН АЩЫБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНЕ ҮМІТКЕР ҚАСЫМБЕКОВ БАХТИЯР КЕҢЕСҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Қасымбеков Бахтияр Кеңесұлы 1993 жылдын 3 желтоқсанында Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты М.Түймебаев ауылында дүниеге келген. 2011 жылы осы ауылдағы №19 орта мектепті тәмамдаған.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолы:
- 2012 — 2016 жылдары жеке коммерциялық мекемелерде жұмыс атқарған;
- 2016 — 2018 жылдары Іле ауданының Ащыбұлак ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
- 2018-2019 жылдары ҚР Қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжат айналым қызметінің сарапшысы;
- 2019 жылы КР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы;
- 2019 — 2023 жылдары ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Әкімшілік жұмысы департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету және орындаушылық тәртіпті бақылау басқармасының басқарма басшысы:
- 2023 жылдың 15 қарашасынан бастап Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Ащыбұлақ ауылдық округі әкімі сайлауында маған сенім артсаңыздар:
- Округ аумағынан Алматы қаласына қоғамдық көлік қатынасын реттеуге;
- Ащыбұлақ ауылдық округіндегі жол кептелісін азайту бойынша жұмыстар ұйымдастыруға;
- 2024-2028 жылдары М.Түймебаев, Жәпек батыр, Көкқайнар, Төле би ауылдарында және окургке қарасты саяжайларға кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
- Көкқайнар ауылы және Береке саяжайында дәрігерлік амбулатория құрылысының сапалы және уақтылы аяқталып, пайдалануға берілуіне;
- М.Түймебаев ауылындағы тозығы жеткен су құбырларын, сондай-ақ Көкқайнар ауылының жаңа құрылыс елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың дер кезінде жүргізілуіне;
- Ауыл тұрғындары мен қонақтарына округімізде қолайлы мәдени демалыс және сауықтыру орындарының көбеюіне;
- Ащыбұлақ ауылдық округіндегі үш ауысымды мектеп мәселесін жою мақсатында жұмыстар жүргізуге;
- Алдағы 4 жылда Ащыбұлақ ауылдық округінде қажетті балалар алаңдарын, заманауи спорттық сауықтыру кешенін салуға;
- Тұрғындардың экономикалық, әлеуметтік әл-ауқатын арттыру үшін округке инвесторларды тартып, халыққа жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруды ұйымдастыруға;
- Округтің архитектуралық келбетін жақсартуға және абаттандыруға;
- Округ аумағында тозығы жеткен электр желілерін кезең-кезеңімен жаңартып, электр энергиясының үздіксіз берілуіне ықпал етуге;
- Өндірістік аймақта инфрақұрылымды дамыту арқылы ірі инвесторларға қолайлы жағдай жасауға;
- Табысы күнкөріс деңгейінен төмен тұрғындардың табысын арттыруға арналған кешенді жұмыстар ұйымдастыруға;
- Округтегі спорт, білім, мәдениет саласындағы жас таланттарға жол ашып, қолдауға бар күш жігерімді саламын!
СІЗДЕРДІ САЙЛАУҒА ШАҚЫРАМЫН!
Кұрметпен, Қасымбеков Бахтияр Кенеұлы!
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.