Спорт

Алматы облысында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі өтті

Үш күндік турнирде 80-нен астам құсбегі мен шетелдік қатысушылар өнер көрсетті.

7-9 қараша аралығында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Төле би ауылында орналасқан «Қыран» дәстүрлі аңшылық орталығында «Сонар-2024» халықаралық құсбегілер турнирі өтті.

Шараның мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеу, құсбегілік өнерін сақтау және дамыту, сондай-ақ халықаралық қатысушылармен тәжірибе алмасу.

Турнирге Қазақстанның 13 облысынан келген 80-нен астам құсбегі қатысты. Олар 67 бүркіт, 16 қаршыға және 14 ителгімен өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, Моңғолия, Қытай және Қырғызстаннан келген шетелдік құсбегілер де жарыстың көркін қыздырды. Қатысушылардың арасында әлемдік және халықаралық деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары да болды.

Ашылу салтанатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов турнирдің маңыздылығын атап өтті.

«Бұл турнир – ұлттық мұрамызды дәріптеп, құсбегілік өнерін жаңғыртуға бағытталған ерекше шара. Құсбегілік – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі, ол тек спорт қана емес, табиғатпен үйлесімді өмір сүрудің ерекше үлгісі. Бүгін мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен және шет елдерден келген ең мықты құсбегілер бас қосып отыр. Бұл жарыс жастарды ұлттық құндылықтарға баулып, шеберлікті шыңдауға мүмкіндік береді. Мұндай шаралар ұлттық спорттың халықаралық деңгейде танылуына да ықпал етеді», – деді ол.

Қатысушылар бүркіт, қаршыға және ителгімен аң аулау шеберліктерін көрсетті. Әр құсбегі өз құсымен жұмыс істеп, нағыз шеберліктің үлгісін ұсынды. Жарыстың жеңімпаздарына дипломдар, медальдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар табысталды. Турнирдің жалпы жүлде қоры 3 млн теңгені құрады.

Финалдық сайыстар 9 қараша күні өтіп, шараның жабылуында Алматы облысы әкімінің орынбасары Болат Күреңбеков пен ҚР еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев жеңімпаздарға марапаттарын табыстады.

«Құсбегілік – қазақ халқының даналығы мен шеберлігінің көрінісі. Құсты қолға үйрету, аңшылыққа бейімдеу – үлкен еңбекті қажет ететін өнер. Осындай турнирлер бұл мұраны сақтап, дамытуға үлкен үлес қосады. Ұлттық спортты насихаттау – болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз», – деп атап өтті Болат Күреңбеков.

Айта кету керек, турнирді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы әкімдігі, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Құсбегілік» федерациясы және «Самұрық-Қазына» қоры ұйымдастырды.

Related Posts

Жетісу облысы

Әр азаматқа бірдей мүмкіндік

"Қазақстан барысы" Руслан Әбдіразақов ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, дауыс берді. Біз елдің энергетикалық тәуелсіздігін шегелеп бекітеміз. Болашақ ұрпаққа энергетикалық тұрғыдан тәуелсіз, яғни экономикасы тұрақты және өркендеген Қазақстанды мұра
Қоғам

Жетісу облысының спортшылары бір жылда 1760 медаль жеңіп алды

Жетісу облысының елді-мекендеріндегі 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені бұқаралық спортты дамытуға ықпал етуде. 2023 жылға облыстық бюджеттен осындай тағы 14 жаңа спорт нысанын салуға 8,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы Өңірлік
Саясат

AMANAT CUP: Алматы облысында футзалдан депутаттар арасында турнир өтті

Қарасай ауданында Алматы облысының барлық деңгейдегі депутаттары арасында футзалдан «AMANAT CUP» чемпионаты өтті. Халық қалаулыларының басын қосқан турнир «AMANAT» партиясының қолдауымен алғашқы рет ұйымдастырылды. «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары мен қызметкерлері,
Жетісу облысы

Жетісу спортшылары барлық деңгейлі жарыстардан бой көрсетіп жүр

Атап айтсақ, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардан 914 медаль жеңіп алды. Спортшыларға қолдау көрсету мақсатында жарыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен үздік 214 спортшыға 55 мың теңгеден 443 мың теңгеге дейін ай сайын