Жетісу облысы

Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде

Жетісу облысында қант қызылшасын жинау науқаны қарқынды жүргізілуде, жедел штаб күнделікті өңірде қабылданып жатқан қант қызылшасы көлемін назарда ұстап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы  басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков мәлімдеді.  Қазіргі уақытта 13,7  мың  гектар қант қызылшасы алқабының 10,9 мың гектары жиналып, одан 526 мың тонна өнім алынды. Гектар өнімділігі 484,5 центнерден айналды, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары және өңірдегі аграрлық сектордың тиімді жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.

Жиналған  өнімді өңдеу үшін облыстың екі негізгі қант зауытына – Көксу және Ақсу зауыттарына жеткізілуде. Бүгінгі күнге дейін зауыттарға 421,3 мың тонна өнім жеткізілді, оның ішінде: Көксу қант зауыты – 200,6 мың тонна, Ақсу қант зауыты – 220,7 мың тонна қабылдады.

Өнімді қабылдау және өңдеуге байланысты логистиканы үздіксіз ұйымдастыру және жедел шешімдер қабылдау мақсатында өңірде облыстық жедел штаб жұмыс істеуде. Орта есеппен зауыттар күніне 5-6 мың тонна өнім қабылдайды. Жүктерді бөлу және барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы арқасында қант қызылшасын қабылдау мен өңдеу бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жинау науқаны барысында жергілікті ауылшаруашылық өндірушілеріне  ерекше  назар  аударылды. Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандарында және Талдықорған қаласында орналасқан 66 шаруашылық жалпы көлемі 33,2 мың тонна өнім өткізіп, жалпы өнім көлеміне елеулі үлес қосуда.

Науқан  соңына  дейін  қалған 2,8 мың гектар егістік алқаптан 118 мың тонна өнім алу жоспарда.

Related Posts

Жетісу облысы

С начала года в области зарегистрировано 245 загораний

Вместе  с тем в степных массивах зарегистрировано 42 загораний, также 4 лесных пожара. В связи с этим в рамках обеспечения пожарной безопасности в пожароопасный период проведена корректировка региональной группировки сил
Жетісу облысы

ҮШЕМНІҢ АТА-АНАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Алдабергенов ауылдық округінде тұратын Имангабуловтар отбасында 2020 жылы үшем дүниеге келді. Имангабулов Айдос пен Имангабулова Маржан бір күннің ішініде көпбалалы отбасылардың қатарына қосылды. Бұл отбасыда алдында екі баласы болған. Имангабуловтар
Жетісу облысы

Сарқанда «Зарянка» этноорталығының өкілдері референдумға белсене қатысты

Сарқан ауданы Қойлық ауылдық «Зарянка» этно орталығының өкілдері өз дауыстарын берді. Этно орталық мүшелері Қойлық ауылында өткізілетін барлық іс-шараларына белсене ат салысады. Аталған орталықтың ауыл бойынша ұлтаралық қатынастарды нығайтуда үлесі
Жетісу облысы

Жетісу облысында «Крещение Господне» мерекесін тойлауға арналған 7 орын анықталды

Православиелік қауым үшін «Крещение Господне» мерекесі қазақтың «Қадыр түні» іспеттес. Наным-сенімдерге сүйенсек, жер бетіндегі суға қасиет дарып, түрлі сырқат атауынан сауықтыратын бұл мейрам қаңтардың 18-нен 19-на бет бұрған түнінен басталмақ.