Жаңалық

Биыл Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі

Алматы облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру халық санының өсуі мен медициналық қызмет көлеміне деген қажеттілікті ескере отырып қалыптастырылады. Қаржыландыруды ұлғайту арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі де артып келеді. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» КЕАҚ Алматы облыстық филиал директоры мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау,  мәдениет және спортты дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысында мәлімдеді. Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, 10 ай ішінде облыс тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд.теңге жарна төлеген.

«Мед.ұйымдарға көрсетілген қызметтерді төлеу Қор сарапшылары жүргізген мониторингтен кейін жүзеге асырылады. Биыл мониторинг бойынша жалпы сомасы 1 448,6 млрд.теңгеге 233 421 ақау анықталды. Ақаулардың басым бөлігі амбулаториялық-емханалық көмекке тиесілі. Медициналық көмек көлемін жасанды түрде арттыру, стандарттар мен клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқулар, ақпараттық жүйеге мәліметтерді қате енгізу де бар», — деді депутаттар алдында Тілеухан Шілдебайұлы.

Қор өкілі 10 айлық қорытынды көрсеткіштермен бөлісті. Айтуынша, Алматы облысы бойынша түскен арыз-шағымдар саны 1218-ге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір көп. Ақпаратқа сәйкес, келесі санаттар бойынша шағымдар санының өсуі байқалады: консультациялық-диагностикалық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында дәрілік заттармен қамтамасыз етуден бас тарту, бейінді педиатриялық мамандардың жоқтығы және тапшылығы.

«Салада бірқатар мәселе бар. Халықтың сапаға қанағаттанушылық деңгейінің төмендігі, АМСК деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмекке қол жеткізудің қиындығы, денсаулық сақтау саласын цифрландырудың төмен деңгейі, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі», — дейді Тілеухан Әбілдаев.

Қор өкілі мәслихат депутаттарына қалыптасқан күрделі жағдайдың шешу жолдарын да ашық айтты. Бұл қатарда адам ресурстарын дамыту, медициналық ұйымдардың топ-менеджерлерін қаржылық менеджмент бойынша оқыту бар. Жалпы, комиссия отырысында Денсаулық сақтау басқармасы сенімгерлік басқаруға берілген медициналық мекемелердің жұмыс сапасын бақылау туралы, әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына тұрақты мониторинг жүргізу, электрондық денсаулық сақтау жүйесін дамыту және күшейту  мәселелері туралы баяндады. Бұдан да бөлек, әлеуметтік салалар қамтылды.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 2 мыңнан астам адам тексеруден өтті

Алматы аймақтық көпсалалы клиника мамандары онкологиялық скринингке арналған жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен екі мыңнан астам шалғай ауыл тұрғындарын тексеруден өткізді. Қазақстанда алғаш рет қолданысқа берілген кешенде үш ай ішінде 640
Жаңалық

Алматы облысында 400-ге жуық адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Елімізде  2023 жылдың 10 желтоқсанына берілген көрсеткіш бойынша «күту парағында» 3961 науқас бар. Бүйрек ауыс­тыруды қажет ететін 3528 ересек, 87 бала бар. Бауыры ауыратын 171 адам болса, 10 балаға да
Жаңалық

Алматы облысында ТЖД кезінде 418 пункт жұмыс істейді

  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында төтеншеліктер мәлімдеді. Алматы облысы ТЖД басшысының орынбасары, полковник Данияр Қасымовтың айтуынша, төртінші наурыз 11 сағат 22 минут 02 секундта жер сілкінісі орын
Жаңалық

Қарасай ауданында Оңтүстік Кореяның «KT&G» компаниясы зауыт салып жатыр

Іле Алатауының баурайындағы әсем өлкеде қазір 336 мыңға жуық халық тұрады. Қарасай ауданы тарихи тамыры терең өңір. Алматы облысындағы ірі ауданның қазіргі дамуы қарқынды. Мысалы, аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі былтыр