Жаңалық

Қарғалыда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 15 маңызды іс-шара өтті

Қарғалы ауылында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында «Кедергісіз келешек» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Басты мақсат – ауылдағы 743 мүмкіндігі шектеулі азамат пен 25-тен астам ерекше баланың өмір сапасын жақсарту, олар үшін қолжетімді орта қалыптастыру. Бұл бағытта 15 ірі іс-шара өткізілді.

«Біз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға барынша қолайлы орта қалыптастыруға тырысып келеміз. Бұл тек әлеуметтік көмек көрсету ғана емес, олардың қоғам өміріне толыққанды араласуына мүмкіндік жасау. Инфрақұрылымды жетілдіру, жұмысқа орналастыру, психологиялық қолдау көрсету – бәрі де олардың өмір сапасын арттыру үшін жасалып отырған қадамдар», – дейді Қарғалы бастауыш партия ұйымының төрағасы Жангүл Оразалиева.

Жоба аясында ауылдағы 98 мекемеде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділік талаптарының сақталуы тексерілді. Нәтижесінде 15 мекемеге ескерту жасалып, олардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, «Арзан азық-түлік» жобасы шеңберінде ауылда «Евразия» әлеуметтік дүкені ашылды. Бұл дүкенде мүмкіндігі шектеулі азаматтар азық-түлікті 20%-дық жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Жұмысқа орналастыру да басты назарда. Кәсіпкерлермен бірлесіп ұйымдастырылған «Біз қоғам үшін» акциясы аясында 15 мүмкіндігі шектеулі азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Олардың кейбірі кәсіпкерлікке бет бұрып, өз істерін бастауға мүмкіндік алды.

Қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыру үшін «Қамқорлық» сауықтыру орталығы мен ОПМК №10, №11 мекемелерінде атаулы күндерге орай 15 қайырымдылық мәдени-іс шарасы өткізілді. Сонымен қатар, «Балалардан балаларға» акциясы аясында 70 балаға арнайы сыйлықтар табысталды.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін бір күнде шешу мүмкін емес. Біз оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіндіру үшін жүйелі түрде жұмыс істеп келеміз. Әрбір азаматтың еңбек етуге, білім алуға, қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл – біздің ортақ міндетіміз», – деп атап өтті Жангүл Оразалиева.

Бұдан бөлек, ерекше бала тәрбиелеп отырған 35 ата-анаға психологиялық қолдау көрсетілді. 30-дан астам азаматқа әлеуметтік көмек берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қарғалы бастауыш партия ұйымы «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін шынайы қамқорлық көрсетуді әрі қарай да жалғастырмақ.

Related Posts

Жаңалық

МӘМС-тегі сақтандыру мәртебесі болмаса, науқасқа медициналық көмектен бас тартуға бола ма?

Сақтандырылмаған пациент ТМККК тізбесіне кіретін, бірақ МӘМС пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайтын қызметтерді ала алады. Бұл туралы қордың Алматы облыстық филиалы өкілдері мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар аурулар
Жаңалық

Алматы облысында жыл басынан балық аулау маусымында 2 адам көз жұмған

  Өңірде балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаған 31 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз-мәслихатында белгілі болды. Балық аулау маусымы күзгі және қысқы мезіл деп екіге
Жаңалық

Алматы облысының тұрғыны алма бағында қарасора өсірген

Алматы облысында алма бағынан ірі көлемде қарасора плантациясы анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті. «Алматы облысын тікұшақпен тексеру кезінде полиция қызметкерлері Түрген ауылының маңында «үнді»
Жаңалық

Алматы облысының мәдени ұйымдары «Рухани қазына – 2023» фестивалінде жеңімпаз атанды

Еліміздегі мәдени мекемелердің үздігі сараланған жарыста Алматы облысының өкілдері өзге қатысушылардан оза шауып, үздіктер қатарынан көрінді. Жамбыл ауданында орналасқан С. Аронұлының әдеби-мемориалды музейі «Үздік аудандық маңызы бар музей» деп танылды.