Антиконтрафакт» республикалық акциясы басталды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Жетісу облысының Әділет департаменті 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өтетін «Антиконтрафакт» республикалық акциясының басталғанын хабарлайды. Акцияның мақсаты – зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафакт өнімдерінің таралуы туралы халықтың хабардарлығын арттыру.

Акция аясында 10-25 сәуір аралығында «Бірге контрафактіге қарсымыз» атты үздік фотосуретке арналған республикалық конкурстың аймақтық кезеңі өтеді. Аталған конкурсқа қатысушылар ретінде 14-18 жастағы жасөспірімдер қамтылған.

Конкурс екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аймақтық. 25 сәуірге дейін жұмыстарды комиссия өкілдері қарап, бір үздік фотосурет (конкурстың тақырыбына сәйкес келетін фото) ҚР Әділет министрлігіне жіберіледі.

Екінші кезең – республикалық. Жеңімпаздарды іріктеу бойынша қорытынды кезең 10 мамырда өтеді.

Қатысушылар тұрғылықты жері бойынша Әділет департаментіне жасөспірімнің туу туралы куәлігі, жеке куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, өтінімді және «Бірге контрафактіге қарсымыз» атты фотосуретті e.aubakirov@adilet.gov.kz электронды поштаға немесе WhatsApp желісі арқылы +7 707 622 29 43 нөміріне жіберу қажет.
Конкурс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *