News

Әкім сайлауы: Сағымжан Нұрым Қайырғалиұлының сайлауалды бағдарламасы

Құрметті Саты ауылдық округінің сайлаушылары!

Мен, Сағымжан Нұрым Қайырғалиұлы Кеген ауданы Кеген ауылының тумасымын. 2008 жылы Қазақтың спорт және туризм академиясына түсіп оны 2012 жылы дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтап шықтым.

Еңбек жолымды 2012 жылы Райымбек ауданы бойынша салық басқармасының автокөлік жүргізушісі болып бастадым. 2012-2017 жылдары №2 Кеген орта мектебі және мектепке дейінгі шағын орталығы мемлекеттік мекемесінің  дене шынықтыру пәнінің мұғалім болып қызмет істедім. 2019-  2020 жылдары Кеген ауданының «Дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманының м.а. 2020 жылдан 2021 жылдың наурыз айы аралығында Кеген ауданының «Дене шынықтыру және спорт  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. 2021 жылдың сәуір-желтоқсан аралығында Кеген ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы — кәмелетке толмаған жас өспірімдер жөніндегі комиссиясының хатшысы болып қызмет істедім. 2021-2022 жылдары Кеген ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы — кәмелетке толмаған жас өспірімдер жөніндегі комиссиясының хатшысы; 2022 жылдың желтоқсан айынан осы уақытқа дейін Кеген ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін.

Осы өзім еңбек етіп келе жатқан ауылдың халқымен бірлесе араласып жүргендіктен Саты ауылының тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелерді жақсы білемін. Олар: Туристік аймақтарға апаратын жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, жайылым, шабындық жерлердің жетіспеушілігін шешу, көше жолдарын жөндеу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік тудыру, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою орындарын тазалау, қоршау жұмыстарын жүргізу, суармалы жерлердегі суғару каналын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау және т.б  Маған осы өзекті мәселелерді шешу үшін сіздердің қолдауларыңыз қажет!

 

 Мені ауылдық округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

  • Ауылдық округ әкімінің құзіретін пайдалана отырып, салық түсімдерін көбейтуге округ тұрғындарының жағдайын дамыту бағытында тұрақты жұмыс атқарамын. Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.
  • «Ауыл аманаты» бағдарламасы, «Ұлттық жобалар», кәсіптік оқыту, шағын несие, төменгі пайызды несиелер беру арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту.
  • Округтің экономикасына инвестициялық жобаларды тартуға. Туризмді дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесемін.
  • Ауыл мәдениетінің дамуын, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын тұрақты түрде жүргіземін.
  • Саты ауылдық округінің бас жоспарына өзгерістер енгізуге жұмыстар атқарамын және жоспардағы салынатын 50 үйдің жанынан жастар саябағын салуға ықпал етемін.
  •  Туризмді дамыту мақсатында Саты ауылындағы қонақ үйлерді заңдастыруға жұмыстар атқарамын.
  •  2025 жылдарға Саты өзенінің бойын аббаттандыруға жұмыс жасаймын, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және аудан елді мекендерін санитарлық тазарту, аббаттандыру жұмыстарын қолға аламын.
  • Саты ауылындағы электр жарығының әлсіз болу мәселесін шешуге, қосымша трансформатор орнату жұмыстарын ұйымдастырамын.
  • Туристердің саны жылдан жылға артуына байланысты Саты ауылынан автотұрақ салуға жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Саты ауылының кәріз жүйесін  жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру.
  • Тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау цехін ашуға ықпал етемін.

Ауыл тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын, аз қамтылған отбасылардың, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың тұрмыс жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстап, мұқтаж жандарға көмек ұйымдастыруға өз үлесімді қосамын!

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сізбен бізге байланысты. Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын. Сіздің даусыңыз өз жақын-жұрағаттарыңызбен ауыл тұрғындарының бақытты жəне бақуатты өміріне қосқан үлесіңіз! Берекелі ауыл–табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз! Мен үшін дауыс беріңіз!

Алматы облысы Кеген ауданы Саты ауылдық округі әкіміне кандидат Н.Қ. Сағымжанның сайлау қоры қаражаты есебінен төленген