Қоғам

Әкім сайлауы: Тоғызбаев Мұрат Бақытжанұлының сайлауалды бағдарламасы

Байсерке ауылдық округіне үміткер Тоғызбаев Мұрат Бақытжанұлының сайлауалды бағдарламасы
Тоғызбаев Мұрат Бақытжанұлы

ҚҰРМЕТТІ БАЙСЕРКЕ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ!

Мен Тоғызбаев Мұрат Бақытжанұлы 1978 жылдың 2 шілдесінде дүниеге келдім.

1995 жылы Байсерке ауылының орта мектебін аяқтадым. 1999 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмәмдадым. 2006 жылы Орта Азия Университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2014 жыл С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша білім алдым.

Отбасылы, 4 баланың әкесімін.

Еңбек жолымды 1995 жылы Байсерке ауылындағы « УМР- 3 » ЖШС– ның трактор жүргізушісі болып бастадым.

  • 2001 — 2009 жылдары Іле ауданы салық комитетінің бас маманы, бөлім басшысы болып қызмет атқардым.
  • 2009 — 2012 жылдары Көкшетау және Шымкент қалаларының ( Абай және Еңбекші аудандары) салық басқармаларында басшы орынбасары қызметін атқардым.
  • 2012 — 2014 жылдары Іле ауданының тұрғын үй- коммуналдық шараушылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы болып істедім.
  • 2015 — 2017 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде қызмет еттім.
  • 2017 — 2021 Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқардым.
  • 2021 — 2024 жылдары « Лор центр V- ent» ЖШС директоры қызметін атқардым. 2024 жылдың наурыз айынан Іле ауданының құрылыс бөлімінің басшысының міндетін атқарушымын.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен туған ауылымның және жақын маңдағы елді мекендердің көркеюіне үлесімді қоссам деген ниетпен Байсерке ауылдық округі әкімінің сайлауына бел будым. Ауылдық округіміздің даму әлеуеті өте жоғары. Біздің артықшылығымыз халықаралық және ұлттық бағыттар торабында орналасуында. Бұл болашақта толық пайдаланылуы тиіс негізіг фактор.

Мен ауылымның жергілікті мәселелерінен де хабардармын. Оларды шешуге бағытталған өзімнің нақты жоспарларым мен көзқарастарым бар. Елді мекен мегаполиске жақын орналасқандықтан, коммуналдық жүйе мен көлік инфрақұрылымы үнемі жаңғыртуды талап етеді. Жаңа әлеуметтік нысандар да бой көтеруі қажет. Байсерке ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, бар білімімді, тәжірибемді ауылдастарымның өмір сүру сапасын жақсартуға жұмсаймын!

Бүгінгі күні Байсерке ауылында шешуді қажет ететін өзекті мәселелер бар. Өңіріміздің өркендеп, өсу жолында күш жігерімді салып, келесі мәселелерді шешуге дайынмын:

  • Байсерке ауылдық округіндегі әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту және тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында инвесторларды тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • Байсерке ауылындағы үш ауысымды оқытуды жою үшін жаңа мектептің салынуын үйлестіру;
  • Байсерке ауылдық округі бойынша жол кептелісі мәселесін шешу;
  • Байсерке ауылдық округіндегі ауылдардағы тозығы жеткен су құбырларын, электр жүйелерін толығымен ауыстыруды жүзеге асыру.
  • Байсерке ауылдық округіндегі елді мекендердің көшелері мен жолдарын жөндеуге ықпал ету;
  • Көшелерді жарықтандыру желілерін салуға атсалысу;
  • Әли ауылын газбен жабдықтауға ықпал ету;
  • Көктерек ауылындағы дәрігерлік амбулатория құрылысын үйлестіру;
  • Байсерке ауылындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Елді мекендерге қажетті балалар алаңы, спорттық және шағын футбол алаңдарын орнату;
  • Байсерке округі тұрғындарының Алматы бағытындағы автобус маршруттарын көбейтуге ықпал ету;
  • Округке қарасты тұрғындардың денсаулығын жақсарту аясында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналарға қамқорлық көрсетіп, жағдайларын тұрақты түрде назарда ұстау;
  • Ауыл экономикасын дамытуда халықтың ұсыныстарына қолдау көрсету және жүзеге асуына ықпал ету;

Аталған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруда сіздермен бірлесіп, ортақ мақсатта жұмыс атқарып, округіміздің гүлдену жолында аянбай еңбек етемін!

Сіздің дауысыңыз маңызды! Сіздерді сайлауға шақырамын!

Құрметпен, Тоғызбаев Мұрат Бақытжанұлы!

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді