Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында экологиялық реттеу бөлімінің басшысы
Гаухар Абылқасымова және
мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Данияр Өмірбеков мәлімдеді.
Өңіріміз өндірісі дамыған аймақ, алайда өнеркәсіптерден шығатын қалдықтардың қордалануы қоршаған ортаға ерекше зиян келтіріп отыр. Гаухар Абылқасомаваның айтуынша, облыста 5700 кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 146-сы ірі және орта, қалғаны шағын кәсіпорын.
Тау-кен өндіру,өңдеу, химия және жылу энергетикасы өнеркәсіп кәсіпорындары мен коммуналдық кәсіпорындар — қоршаған ортаны неғұрлым ірі ластаушылар.
“Жыл сайын облыс аумағында 900 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, оның 350 мың тоннасы елді мекендерде түзіледі ”,-дейді Гауһар Абылқасымова
Данияр Өмірбековтың сөзінше, былтырғы жылы атмосфераға рұқсат етілген ластаушы заттардың шығарылуы 107,1 мың тоннаны құрады.
Сонымен қатар, Космомониторинг-есепті кезеңде «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ геопорталының деректері бойынша облыс аумағында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды.