Жаңалық

Қонаевта ішімдікті заңсыз сатқандарға айыппұл салынды

Бүгін қалалық кәсіпкерлік, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары бизнес орындарына рейд жүргізді.

Нәтижесінде Жамбыл көшесінде орналасқан дүңгіршекте алкоголь өнімдері заңсыз саудаланғаны анықталды. Кәсіпкерге қолданыстағы Заңның шеңберінде хаттама толтырып, 150 литр және 128 шөлмек сыра тәркіленді. Ары қарай бизнес орыны иесінің ісі сотта қаралмақ. Сондай-ақ бұл дүңгіршек заңсыз орналасқаны да анықталып, ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес, 10 күн ішінде орнынан алу туралы хабарлама берілді.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында гидроцелеге шалдыққан науқасқа сәтті ота жасалды

Қонаев қаласының тұрғынында бұдан бөлек шап жарығы анықталған. Өзі тіркелген ауруханада қажетті зерттеуден өтіп, жоспарлы отаға жіберіліпті. Дәрігер-уролог Айдар Жанбатырұлы отаның 1 сағатқа созылып, сәтті аяқталғанын айтады. «Көбінесе, гидроцеле туғаннан
Жаңалық

Алматы облысында “Есірткіге жол жоқ” айлығы бастау алды

Айлық ішінде барлық құзіретті органдар бірлесе облыс бойынша есірткіні қолдануға шақыратын жазбаларды өшіру, жарнамаларын жою, өскелең жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстарын жүргізетін болады. Алғашқысы бүгін Қонаев қаласында өткізілді.
Жаңалық

Тарифтер мен инвестициялар: Алматы облысындағы тиімді өзгерістер

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Сейтбекқызы биылғы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндама жасады. 2024 жылдың басынан бері 325 тарифтік
Жаңалық

Алматы облысында «109» біріңғай байланыс орталығы іске қосылды

Қазіргі таңда байланыс орталығына 800-ге жуық өтініш келіп түскен. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Алматы облысы цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Олжас Артықбай айтты.