Без рубрики

Алматы облысында күдіктілерден 6,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақша тәркіленді

Алматы облысының қаржылық мониторинг департаменті жалған АҚШ долларын сақтау мен өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Екі азамат 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізгені анықталды. Жалған ақшаны кезекті рет өткізіп жатқанда күдіктілер ұсталып, тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары тәркіленді.

«ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. Қаржылық мониторинг агенттігі жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу үшін заңмен жауапкершілік көзделгенін ескертеді», – делінген хабарламада.