Жаңалық

Біздің балуандар әлемдік рейтингте көш бастады

Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан әлемдік рейтингте көш бастады.

Біріккен күрес әлемі қауымдастығы тарапынан әлемдік рейтинг жаңартылды. Рейтинг спортшылардың әлем чемпионаты мен ХІХ жазғы Азия ойындарынан кейінгі нәтижесі бойынша жасалды.

Ол бойынша еркін күрестен Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақ дәрежесінде бірінші орынға шықты. Балуан тәуелсіз Қазақстан тарихында еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы атанған еді.

Қазақстандық балуан финалға дейінгі төрт кездесудің барлығында жеңіске жетті. Алдымен венгриялық Балаж Юхасты 13:3 есебімен жеңсе, одан кейін түркиялық Фейзулла Актюркті 11:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал жартылай финалда грузиялық Мириани Майсурадзеден басым түссе, финалда әзербайжандық Осман Нурмагомедовті қапы қалдырды.

Әйелдер күресінде Жәмилә Бақбергенова (72 келі) жаңартылған рейтингте үздіктер көшін бастады.

Ол әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, ол 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатында күміс жүлдегер болған еді.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысында сел қаупі сейілді

  Өңірде биыл сел қаупі ерекше жоғары болды. Таулы аймақтарда мұздықтардың қарқынды еруі мен мол жауын-шашын өңірдегі жағдайды күрделендіріп, табиғи апат қаупін күшейтті. Дегенмен, Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мамандарының
Жаңалық

Қонаевта 36 жастағы тұрғынның миына күрделі ота жасалды

Қонаевта миға күрделі ота жасалды. 36 жастағы тұрғын абайсызда құлап, басынан қатты соққы алған. Шұғыл түрде қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты тексеру барысында бас сүйегінің сынуы мен эпидуральды және
Жаңалық

Алматы облысында репродуктивті денсаулық апталығы басталды

  Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өңірде 24 - 28 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулықты сақтау» апталығы өтіп жатыр. Бұл дегеніміз әрбір адамның жіті тексеруден өтіп, дәрігерден кеңес алуына берілген бірегей