Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Дерттің негізгі себебі, жыныстық жолмен берілетін-папиллома вирусы.
Вирус симтомсыз дамиды. Ауру белгілері байқалса, бұл бірінші,немесе төртінші сатысынан хабар беретіні туралы Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Саулет Капсаламова баяндады.
Адамда папиллома вирусының 200-ден аса түрі бар. Соның ішінде 14-і онкогенді саналады. Әсіресе, ең қауіпті түрі 16-шы және 18-ші.
“Вирустың 90% жыныстық жолмен таралады. Мәселен,қыз тұрмысқа шыққаннан кейін жолдасынан вирус жұқтыруы мүмкін.Сол себепті онкогенді папиллома вирусы тек жатыр мойны обырына әкеп соғады деп ойлау – қате түсінік. Ер адам да жыныс мүшесі қатерлі ісігіне шалдығуы мүмкін», — деп түсіндірді Саулет Қапмаласова
Сондай-ақ,онкогенді папиллома вирусы тік ішек,бас және мойын обырына алып келуі ықтимал.
Вирустың алдын-алу жолы- вакцина. 2024 жылдың 2 тоқсанынан бастап 11 жасар қыздарға вирусқа қарсы екпе жүргізіледі.
Қазіргі таңда Алматы облысында 15 мың жасөспірім қыз бар. Ал,вакцинаның 30 мың дозасын сатып алу жоспарланған.
Екпе екі кезеңнен тұрады. Біріншісі қыз бала 11 жасқа толғанда, екіншісі бір жылдан кейін жасалады. Вакциналау ұлттық екпе кестесіне енгізілді. Бірақ вакциналау ата-ананың рұқсатымен жүргізіледі деп қортындылады спикер.