Алматы облысында тұңғыш ішекті симфониялық оркестр құрылды

Әмина Құдайберген
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясына 6 ұйым қарайды. Биыл бұл қатарға ішекті симфониялық оркестр қосылды. Әзірге ұжымда 17 өнерпаз бар. Олар скрипка, виолончель, альт, кантробаст пен баян аспатарында ойнайды. Алдағы уақытта құрамды 21 адамға дейін толықтыру жоспарланған.

Аспап алуға бюджеттен 7 миллон 133 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алуды ойластырып жатырмыз. Жақын арада қажетті инструменттерді аламыз. Бірақ құрамды әлі де толықтыруымыз қажет — деді, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармония директоры Данияр Құрамысов.

Оркестр құрамындағы өнерпаздардың барлығы консерватория бітірген кәсіби мамандар. Дені түрлі халықаралық және республикалық конкурстар лауреаты. Ұжымның көркемдік жетекшісінің айтуынша, оларды іріктеуге 1 ай уақыт кеткен.

«Оркестр қоржынында қазір 25-тен аса шығарма бар. Ендігі мақсатымыз репертуарды көбейту. Бүгінгі таңда вокалдық әндерді сүйемелдеуге дайындалып, қызу жұмыс істеп жатырмыз «, —  деді ішекті симфониялық оркестрдің көркемдік жетекшісі Мақсат Нұрлан.

Айта кетейік, ұжымның алғашқы концерті келесі айда өтеді деп жоспарланып отыр. Одан кейін өнерпаздар әуелі Алматы облысының аумағын, кейіннен республиканың басқа да өңірлерін араламақ.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *