Қоғам

Алматы облысының кардиохирургтары жүрек талмасы бар науқасқа ота жасады

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының кардиохирургия бөлімі Алматы облысындағы жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеудің жетекші орталығы болып табылады. Ауруханаға шалғай аудандардан және өз еркімен келетін науқстар көп. Солардың ішінде Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны да бар.

«Менің әкем 83 жаста, созылмалы жүрек талмасымен ауырады. Біз көптеген ауруханаларға бардық, тіпті жеке клиникаларғада жүгінген болатынбыз. Бірақ, әкемді ешкім отаға алғысы келмеді, тіпті дұрыс ем қабылдауға дәрі дәрмек жазып та бермеді. Біз ұзақ уақыт бойы жақсы, тәжірибелі дәрігерлерді іздедік, кейіннен сіздердің аурухналарыңыздың дәрігерлерін мақтап осында келуге кеңес берді», — дейді жас жігіт.

Науқастың жүрек талмасын тексеру үшін ЭКГ, ЭхоКГ (Эхокардиография) және аорта контрастын компьютерлік томографиясы сияқты инвазивті емес әдістер қолданылды. Барлық процедуралардан кейін науқасқа аорта қақпақшасының стенозы диагнозы қойылды. Дәрігерлер «қолқа қақпағын транскатетерлік имплантациялау (TAVI)» отасын жасау туралы шешім қабылдады.

«TAVI-қолқа қақпақшасы стенозын емдеудің заманауи аз инвазивті мамандандырылған әдісі және клиникалық көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі. Бұл ашық хирургиясыз ота, яғни қолқа қақпағын ауыстырған кезде жүрекке қол жеткізу үшін біз науқастың кеудесін тілмейміз. Барлық манипуляциялар тек қан тамырларына енгізілген катетер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай операцияның артықшылықтары стационарлық емдеудің қысқа кезеңі, аз инвазивтілік, атравматикалық, жеңіл төзімділік және тез оңалу процессі», — дейді кардиохирург Сергей Мусаев.

Ота сәтті аяқталып, науқас дәрігердің кеңесімен үйіне аман-есен шығарылды — деп қосты ол.