Алматы облысының аумағында «Крещение Господне» православтық мерекесіне 16 ойық әзірленді

Арайлым Мырзабекова
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Қаңтардың 18-нен 19-на қараған түнінде православ қауымы «Крещения Господне» мейрамын атап өтеді. Алматы облысы аумағында 16 суға түсу орындары әзірленді.Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Жанат Сариев мәлімдеді.
Департамент өкілінің айтуынша, бұл түні 107 құтқарушы мен полиция, медицина қызметкерлері кезекшілік етеді.
«Мейрам күні оқыс оқиғалар орын алмау үшін, 29 бірлік техника мен 68 жеке құрам жұмылдырылады.Тек қана арнайы жабдықталған ойықтарда құтқарушылар, дәрігерлер және полиция қызметкерлерінің қадағалауымен суға түсу қажет»,-деді Жанат Сариев.
Мамандар суға түсу кезінде қауіпсіздік ережесін естен шығармауға шақырады.Жарақат алмау үшін тек қана белгіленген жерде суға түсу керек . Ашыққан түрде ойыққа сүңгуге болмайды, суға түсер алдында бір сағат бұрын тамақтануыңыз қажет. Бүйрек, жүрек-қан тамырлары ауруларымен жоғары қан қысымы бар, қант диабетімен сырқатанған адамдарға және жүкті әйелдерге ойықтарда шомылуға болмайды.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *