Қаратал ауданындағы асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтумен айналысатын ұжымның бірі – «Алтын Қаратал» ЖШС. Ұжым қызметкерлері №166 дауыс беру учаскесіне ауызбіршілік танытып өздерінің саяси белсенділіктерін танытып, демалысқа қарамастан дауыс беруге келген.
«Біз мал көбейтумен ғана қоймай, еліміздегі осындай саяси науқандарға да белсене қатысуға тырысамыз», – дейді шаруашылық қызметкерлері.