«AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаевтың және облыстық жастар саясаты басқарма басшысының м.а. Талант Ахметовтың қатысуымен партия жанындағы жастарды қолдау бойынша кеңестің төрағасы Әсел Төлепбергенованың төрағалығымен отырыс өтті.
Кеңес отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.
- Облыс әкімінің «Заңғар» сыйлығын кем дегенде 10 жас көшбасшыға ұсыну;
- «Алатау жастары» жастар бағдарламасы бойынша жыл сайын 200 маманға жеке тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие беруді жүзеге асыру;
- Іле және Жамбыл аудандарының жастарды дамыту бойынша атқарылған жұмысы;
- «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының 2023 ж. атқарылған жұмыстары жайлы есеп тақырыптары қарастырылды.
Аталған мәселелер кеңес мүшелері мен басқарма басшыларының арасында қызу талқыға түсті. Кеңес отырысының соңында кеңес мүшелері атап өтілген маселелерді шешуге байланысты басқарма басшыларына тиімді шешім ұсынды.