Жетісу облысыҚоғам

Жетісу облысында 6 жасырын казиноның қызметі тоқтатылды

Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық қорғау органдарымен бірлесіп облыс аумағынан 6 жасырын заңсыз жерасты ойын мекемесін анықтады. Одан бөлек, «Қорғас» ХШЫО аумағында жезөкшелікпен айналысқан бір притонның жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел әкілі Ербол Құрманбаев бөлісті.
«Жерасты ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда ҚХР азаматтары үшін жұмыс істегені анықталды. Жүргізілген тінту іс-шараларының нәтижесінде 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарды ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық жабдықтар, сондай-ақ, 60 мыңнан астам қытай юань сомасындағы ақша табылды және тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді спикер.
Бүгінде IT құралдар арқылы интернет-кеңістікте заңсыз жұмыс жасау жүзеге асырылуда. Заңсыз контент белгілері бар анықталған сайттарды (аккаунттар) бұғаттау үшін Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігіне жіберіледі. Жыл басынан бері Жетісу облысы бойынша 1200-ге жуық заңсыз контент анықталып, барлығы бұғатталды.
Сондай-ақ, тұлғалардың әлеуметтік желілерде, атап айтқанда Instagram платформасында заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастыру жағдайлары жиілеп кетті. Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыптыларды кінәлі деп тауып, 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Спикердің айтуынша, Департамент министрлікпен бірлесіп әлеуметтік желілердегі жағдайды мұқият қадағалайды және заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды. Осыған байланысты азаматтарды заңсыз лотереяны, оның ішінде әлеуметтік желілерде ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

Жетісу өңірінде жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту және жол ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында 5 ақпан мен 29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы Жетісу облысының Полиция департаменті
Жетісу облысы

Жетісу облысының 15 апатты-қауіпті учаскесінде Vidar камерасын бекіту жүйесі орнатылады

Бекіту камераларының негізгі бөлігі облыс орталығында орнатылған. Айта кетейік, 2023  жылғы 6 ақпаннан бастап Талдықорған қаласының автожолдарында 10 камера санында автоматты режимде бекітетін «VIDAR SPEED-R» сертификатталған техникалық құралдары орнатылған 10
Жетісу облысы

Жетісу облысын газдандыру және ауыз сумен қамтудың қазіргі жағдайы

Жетісу облысында 33 елді-мекенге газдандыру жұмыстары жүргізіліп, 327 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. 2024 жылдың соңына дейін тағы 30 елді-мекен қосылады. Ол үшін бюджеттен 12 млрд. теңге бөлінді. Осындай
Қоғам

Алматы облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы қайта бастау алмақ

Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз. Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтті.