News

«Ақыл, білім – кітапта»: Алматының кітапханаларында тренинг өтті

Сәуірдің 23 жұлдызы – күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке. Дәл осы дата 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген.

Осы мерекеге орай «BOOKVIBE» жобасы аясында Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен, «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастырумен 17 сәуір мен 23 сәуір аралығында «Ақыл, білім — кітапта» атты кітап пен оқудың мәртебесін арттыру мақсатында, қаланың шалғайдағы аудандық балалар және отбасылық кітапханаларда арнайы шақырылған мамандармен кездесу тренингтар өткізілді.

Кездесуге келген Ибраимов Саят Нұрқасымұлы — Педагогикалық Шеберлік Академиясының төрағасы Шуақ қоғамдық қоры және Оқырмандар клубының негізін қалаушылардың бірі, Болашақ халықаралық бағдарламалар орталығының стипендиаты, педагог-тренер. Серікұлы Абдрахман — Алматы Пікірсайыс Федерациясының төрағасы, Телеканал Журналисті, Продюсер, Медиакәсіпкер. Талғар Нұрбақытұлы — Оқырмандар клубының аға менеджері. Педагог тренер. Ербол Қожахметұлы – «Booklover» қоғамдық бірлестігі және Оқырмандар клубының төрағасы. Қаражанов Нұрсұлтан — Әлеуметтік ғылымдарының магистрі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, әлеуметтанушы және Ақбаян Қанатқызы — Педагогикалық шеберлік академиясының бас менеджері, Оқырмандар клубының модераторы, жоғарыда аталған спикерлерге және кітапхана меңгерушілеріне өз алғысымызды білдіргіміз келеді.