Жаңалық

Алматыда кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында қоғамдық тыңдау өтті

Жастар саясаты басқармасының тапсырысымен Алматы жастарының кітап оқу белсенділігін арттыру «BOOKVIBE» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті.

Іс шараға Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаты, «RESPUBLICA» партиясының мүшесі- Тұрсұн Әкім Хазретәліұлы және блогер, журналист — Рахымберді Алтынбек Талғатұлы қатысты.

Қоғамдық тыңдауға қатысқан жастарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесінің мүшесі, спикер — Берикбаев Елнар Ғалымжанұлы арнайы сөз алып, жобаның маңыздылығын ескере отырып, Алматы жастарын алдағы іс шараларға белсене қатысуға шақырды.

Модератор іс шараны қорытындылап Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын алға тартып, Кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады деп, іс шараны аяқтады.

Related Posts

Жаңалық

ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК: МӘМС АУДАРЫМДАРЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ШЕГІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘМСҚ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталында МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу қажет болатын табыстың ең жоғары мөлшерін бес есе ұлғайтуды ұсынған заң жобасын дайындап, жариялады. Жоба талқылау үшін еркін
Жаңалық

Алматы облысында «Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдау басталды

Аймақ жастарының басын қосатын жобаға өтінімдер қабылдау 31 шілдеге дейін жалғасын табады. Облыста 14 пен 35 жас арасындағы 426 117 мың жас бар. Түгелі дерлік өз қалауларынша «Жасыл ел» еңбек
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жетісу облысында тамыз айынан бастап, қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақсыз. Бүгінде алғашқы нақтамамен 812 жағдай тіркеліп, оның 576 расталды. Қосымша жаппай иммундаумен облыста 37 433 адам қамтылды, оның ішінде 6-10 айлық сәби
Жаңалық

Жетісу облысындағы қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы

Жетісу облысында қызылша ауруымен сырқаттанушылық тұрақталып келеді. Өңірде қызылшаның алғашқы нақтамасымен 1404 жағдай тіркеліп, оның 1045 зертханалық сараптамамен расталған. Жалпы, қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация, арнайы емі