Қоғам

Әскери қызметкерлердің еңбекақысы мұғалімдер мен дәрігерлердікіндей болуы керек – Максим Рожин

Халық қалаулысы әскерилендірілген объектінің жұмысымен танысып, оның материалдық-техникалық базасын тексерді. Алайда әскери қызметшілердің еңбекақы мәселесі мәжілісменді таң қалдырды. Бүгінде бөлім құрамының айлығы шамамен 120 мың теңгені құрайды. Депутаттың айтуынша, бұл сомаға отбасын асырау мүмкін емес.

«Төтенше жағдайлар саласында басты мәселелердің бірі – ол жауынгерлердің қауіпсіздігі. Олардың қолданатын мүлкі. Техникамен қамтамасыз ету мәселесін біз бүгін көрдік. Екінші мәселе – әрине, бұл азаматтардың айлығы. Бұлардың жұмысы өміріне қауіптілігімен белгілі. Сондықтан мен ойлаймын, біздің азаматтарға төлеп жатқан жалақымыз да сол қауіпке сай болу керек», – дейді Максим Рожин.

Бұл мәселе қазір Парламент деңгейінде көтеріліп жатыр. Депутаттар оны «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасына енгізуге ниетті. Онда әскери қызметшілерді әлеуметтік-техникалық қамтамасыз ету туралы сұрақтар да ескерілетін болады. Мақұлданған жағдайда заң жобасы жыл ортасына қарай жұмысын бастайды. Айта кету керек, парламентшілер жұмыс сапарымен еліміздің барлық бұрышындағы түрлі нысандарға барады.

«Кездесу барысында Максим Николаевич айтып кеткендей, жұмыстар атқарылып жатыр. Сол мәселе көтеріліп жатыр. Жақын арада шешіледі деп ойлаймын. Кездесу барысында отырған әрбір әскери қызметші қуанады деп ойлаймын», – дейді бөлім командирінің орынбасары Қанат Бақтияров.

Related Posts

Жетісу облысы

Облыс әкімі 8 наурыз қарсаңында жергілікті мәслихаттардағы депутат әйелдермен кездесті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қазақстан республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әр деңгейдегі мәслихаттардың әйел депутаттарымен кездесті. Оларды алдағы
Жетісу облысы

Жетісуда қар басатын жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

Жетісу облысында ұзындығы 197 шақырым болатын 12 қар басатын учаске бар. Оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдарда – 2, облыстық жолдарда – 10 учаске орналасқан. Жол желісінің бір бөлігі Архарлы
Жетісу облысы

Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға шығарылды

Ұлттық Банк банкноттардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығара бастады. Жаңа үлгі «сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын көрсетеді. Шығарылым теңгені қорғау дәрежесін арттыруға және елдің мәдени құндылықтары мен тарихын дәріптеуге
Жетісу облысы

Талдықорғанда отандық өнім шығарылуда

Талдықорғанда Тоқа Қарқын атты азамат сұйық сабын шығарумен айналысып, отандық өнімді дамытуда. Жеке кәсіпкер цех жұмысын өз қаражатымен дамытып отыр. Цехта жалпы саны 5 адам жұмыс жасайды. Сондай-ақ мұнда шет