14-17 мамыр аралығында Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрына балаларға арналған 3D Fantasy «Алтын сақа» ертегісінің премьерасы көрерменге жол тартпақ!
Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісі 3D Fantasy нұсқада алғаш рет сахнаға жол тартпақ! Ең алғаш театрда «Алтын сақа» ертегісін 1979 жылы режиссер Мұхтар Қамбаров сахналаған еді. Тура 45 жылдан кейін аталмыш ертегі фэнтези жанрында қайта жаңғырды.
Қоюшы-режиссер Мерей Әжібеков, қоюшы-суретші Жанат Дүйсенбаев, костюм-суретшісі Қарлығаш Шалабаева.
«Алтын сақадағы» баланың бойында классикалық батырлық ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Өмірдегі тартыстар, болмыс-көріністер, әдет-ғұрып барлығы ертегіде көрсетіледі.
Кішкентай кейіпкердің ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады. Балаларға қызықты ертегі ақылды болуға тәрбиелеп, батырлық пен батылдыққа шақырады.
Барша кішкентай көрермендерді сиқырлы ертегіні тамашалауға шақырамыз!