20 қазаннан бастап Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылынан Алматы қаласына жаңа маршрут қатынайды.
№236 бағыттағы қоғамдық көлік Шамалған ауылы арқылы өтетіндіктен аталған ауылдың тұрғындарын да тасымалдайды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Жаңа ашылған маршрут Алматы қаласының мобилділік басқармасының бастамасымен жүзеге асып отыр. Олардың қызметіне «NEO City TRANS» ЖШС жауапты. Қазір 30 қоғамдық көлік жүріп жатыр. Жұмыс кестесі бойынша автобустардың жүру уақыты сағат 6:00-ден басталып, 22:00-де аяқталады.
Төлем жүйесі «Оңай» картасына негізделген. Жол ақысы – 100 теңге. Әдеттегідей зейнеткерлерге, студенттерге, оқушыларға және басқа да әлеуметтік топтың өкілдеріне арнайы тиісті жеңілдік қарастырылған.