Көктемнің басталуымен түрлі аурулар мен инфекциялар қаупі артып келеді. деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.
Вакцинация дифтерия, көкжөтел, қызылша, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, паротит, В вирустық гепатиті және қызамық сияқты ауыр жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмауға қабілетті инфекциялармен күресудің ең тиімді және қолжетімді әдісі ретінде әлемге танылды. Әсіресе иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан балалар ауруға көп шалдығып жатады. Жыл басынан бері облыста көкжөтелдің 3 жағдайы расталды. Оның басты себебі вакцинацияны дер кезінде жүргізілмегендіктен.
«Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларды 11 жұқпаға қарсы вакцинациялау жоспарлы түрде жүргізілуде. Сонымен қатар, қыркүйек айынан бастап 11 жасар қыздарды адам папилломавирусына қарсы екпе егу басталады», — деп атап өтті Индира Күнбасова.
Спикер вакцинацияның балалар үшін де, ересектер үшін де өте маңызды екенін, оның көмегімен жұқпалы аурулардың берілуін шектеп, мүгедектік пен өлім жағдайының алдын алуға болатынын атап өтті.