Жетісу облысыҚоғам

Алатау бөктерінде Сиверс алма ағашы гүлдей бастады

Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының аумағы жабайы жеміс-жидек өсімдік түрлеріне бай аймақ. Мұндағы жабайы Сиверс алмасы өте бағалы әлемдік мәні зор бірден-бір генетикалық қор болып саналады. Сонау ерте замандағы бор дәуірінен осы күнге дейін сақталып келген жабайы алманың 40-қа жуық түрі табиғи ұлттық саябақтың аумағында ерекше қорғауға алынған. Бүгінде табиғи саябақтың 3800 гектарын жабайы Сиверс алмасы алып жатыр.
XVIII ғасырдың аяғында ғалым Иоганн Сиверс қазіргі Қазақстан аумағындағы алғашқы жабайы алма ағаштарын тауып, оларды сипаттады. Кейінірек таулы жеміс ормандарына зерттеу басталып, ботаник Михаил Попов Malus Siversi алма ағашының қазіргі алма ағаштармен байланысын зерттей келе, олардың ежелгі түрі екені жайында болжам жасады. 1929 жылы орыстың ұлы ғалымы Н.И.Вавилов Орталық Азияға экспедицияға шығу барысында Қазақстанның оңтүстік шығысын жабайы алма мен өріктің орталығы деген болжам айтты. Кейін бұл болжам академик Аймақ Жанғалиевтің, сондай-ақ оның көптеген шетелдік әріптестерінің көп жылдық еңбегінің нәтижесімен Қазақстан жабайы Сиверс алмасы біздің ғаламшардағы алма өсімдігінің атасы екенін дәлелдеп растады.
Алма ағашы сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түр. Осы жабайы ағашымыздың емдік қорын сақтауда ұлттық паркте көптеген іс-шаралар жүргізіледі. Атап айтсақ, ұлттық паркте ғылыми бөлім де бар. Сондай-ақ, Алматы және Талдықорған қалаларындағы ғылыми институттармен бірлескен жұмыс істейді. Бұл аумақтарда қорықтық күзет режимі белгіленген, яғни жеміс ормандарының табиғи экологиялық тепе-теңдігін бұзатын барлық шаруашылық қызметке тиым салынып, ерекше қорғауға алынған.
Мұнда жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ескіден қалған құнды ағаштың гүлденуінің ұмытылмас әсем көрінісін тамашалауға келеді.

Related Posts

Жетісу облысы

Жетісу облысында 35 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күніне орайластырылған айлық басталды. Жыл басынан облысы аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 65 құқық бұзушылық тіркелді. Көрсетілген кезең ішінде заңсыз айналымнан 35 келіге жуық түрлі есірткі заттары
Қоғам

«Елтаңбаны өзгерту деген оңай шешім емес, алайда мен өзгерісті қолдаймын» – депутат

Атырауда Ұлттық құрылтай өткенін білесіздер. Осындай айтулы шарада Мемлекет басшысы бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде Елтаңбаны өзгертуді тілге тиек етті: «Ал Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес
Жетісу облысы

Жетісу облысында кене энцефалитіне қарсы күрес шаралары өтуде

Жетісу облысының Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінен эндемиялық аймақтарға жатады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Қоғам

Жетісу облысында алдағы жылы мәдениет күні кең ауқымды телевизиялық жоба ретінде өткізілмек

Бүгінгі күні Жетісу облысының мәдениет және архив мекемелерінің желісі 309 нысан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында мәдени ошақ қызметкерлерінің 10 айда атқарған жұмыстары жайлы Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама