NewsЖетісу облысы

Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

1-ші қыркүйектен бастап күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады. Жетісу облысында 1000-ға жуық азаматты әскерге шақырту жоспарлануда. Олар ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Шекара қызметінде, ІІМ, ТЖМ және Мемлекеттік күзетте қызмет атқаратын болады.

Борышын  өтеген  сарбаздарға түрлі жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен,  несиелік  демалыс  беріледі. Яғни,  мерзімді қызметтегі азаматтарға қаржылық міндеттемелері бойынша ай сайынғы төлемдерін 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, отан алдындағы борышын өтеген азаматтар ҰБТ тестілеуінен  өтпей, еліміздегі 70-ке жуық жоғарғы оқу орнына түсуге жеңілдіктер  қарастырылған. Бүгінде Қорғаныс министрлігі  және  жоғары оқу  орындары  арасында меморандумдар жасалды. Мерзімді қызметтен өткен  барлық азаматтар университетке ҰБТ-ны тапсырмай грантқа да, ақылы негізде де түсуге құқылы.

Сондай-ақ,  республика  бойынша сарбаздардың аналар комитеті жұмыс істейді. Бұл қоғамдық бірлестік сарбаздардың ата-аналарымен тығыз байланыста болады. Комитет мүшелері кез келген әскери бөлімге хабарласуға мүмкіндіктері бар және ескертусіз бөлімге келуге құқылы.