Құрметті сайлаушылар!
Мен, Джамаров Асхат Бағашарұлы, 1989 жылы 4 қазанда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында дүниеге келдім. 2018 жылы Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша тәмамдадым. 2010 жылдан бері «Іле-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жұмыс істеп келемін.
Өз тәжірибемді облыстың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағыттау үшін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде келесі басым бағыттарға назар аударамын:
- Инфрақұрылымды дамыту: Су жүйелерін жаңарту, сапалы ауызсу мен коммуналдық қызметтердің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету.
- Әлеуметтік мәселелерді шешу: Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету.
- Жастарды қолдау: Жастардың сапалы білім алуына, еңбекке араласуына жағдай жасау, бос уақыттарын тиімді өткізу үшін спорттық және мәдени орталықтар ашуға ықпал ету.
- Экологиялық мәселелер: Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен су көздерін ластанудан сақтау, жасыл аймақтарды кеңейту.
- Энергияны үнемдеу: Тұрғындардың шығындарын азайту үшін инновациялық және үнемді технологияларды енгізу.
Құрметті сайлаушылар!
Сіздердің сенімдеріңіз арқылы өңіріміздің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бар білімім мен тәжірибемді арнаймын. 8 желтоқсан күні сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс берулеріңізді сұраймын. Бірге жұмыс істеп, жарқын болашақ құрайық!
Бұл үгіт материалы үшін төлем аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылды.