Медицина

«Медицина үздігі – 2024» жеңімпаздары марапатталды

Жетісу облысында медицина қызметкерлерінің күніне орай «Медицина үздігі – 2024» конкурсының жеңімпаздары марапатталды. 14 номинация бойынша мамандар үздік деп танылып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жанcеңгіров 800 мыңнан 2 млн. теңгеге дейінгі соманың сертификаты мен арнайы дипломдарды табыстады.

Үздік жеңімпаздар қатарында Жетісу облысы СЭБД Көксу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Лязат Асылбекова да бар. Лязат Есболатқызы өңірлік байқауда  «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер»  номинациясына ие болды.

Лязат Есболатқызы 2002-2008 жж. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медиицна университетінде гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2008 жылы Қаратал ауданы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына эпидемиологиялық  қадағалау бөлімінің жетекші маманы боп бастаған. Медицина саласында 16 жыл еңбек етіп келеді.