Медицина

Алматы облысында 156 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 156 мыңға жуық адам, яғни, егілуге жататындардың 92% қамтылды.

Атап айтсақ, медициналық қызметкерлердің 91%-ы, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдердің 90%-ы, жабық мекемелердегі балалардың 69% -ы, диспансерлік есепте тұрған адамдардың 84%-ы және қарттар үйінің контингенті 100% тұмауға қарсы егілді.

Облыста тұмауға қарсы вакцинация 7 ауданда аяқталды. Олар Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандарында және Қонаев қаласында жүргізілді. Қазірде аймаққа қарасты 2 ауданда екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Инфекциялық сырқаттанушылықтың маусымдық кезеңінде Алматы облысының СЭБД өзін және жақындарын қорғау үшін, тұмауға қарсы егілуге шақырады.

Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасымен «Гриппол плюс» вакцинасының 168 500 дозасы сатып алынған. Соңғы 11 жылда халықты тұмауға қарсы вакцинациямен қамту 6,4%-дан 13,9%-ға дейін өсті.

Related Posts

Медицина

Сәулет Қапсаламова: Көкжөтел ауруының алдын алған жөн

​1.Көкжөтел дегеніміз не және ол кім үшін қауіпті? ​Көкжөтел – Bordetella Pertussis көкжөтел таяқшасы тудыратын жұқпалы ауру. Бұл тыныс алу жолдарына (негізінен трахея мен бронхтарға) әсер ететін жіті жұқпалы ауру.
Жетісу облысы

15 қыркүйекте бастап тұмауға қарсы вакцина салынады

Елімізде  жылда күз келгенде жіті респираторлық-вирустық инфекция мен тұмау өршиді. 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дың 259 111 жағдайы тіркелген, оның ішінде зертханалық жолмен анықталған тұмау жұқпасының 129 жағдайы анықталды. Осыған
Жетісу облысы

ҚР Денсаулық сақтау Кодексіне өзгерістер енгізілді

Соңғы жылдары Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы субъектілердің қызметін бақылау мен қадағалауға қатысты бірқатар шешім қабылданды. Мемлекет Басшысы ҚР Денсаулық сақтау Кодексіндегі өзгерістерге 8 маусымда қол қойды. Бұл туралы Жетісу облысының
Жетісу облысы

Жетісу облысында 78 адам донорға мұқтаж

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Баспасөз мәслихаты облыстық дәрігерлердің қатысумен  өтті. Мамандардың айтуынша, бүгінде елімізде 4 мыңнан астам адам ағза донорына мұқтаж. Жетісу облысында 72 адам