Қарасай аудандық «AMANAT» партиясында «Құқықтық көмек» жобасы аясында жекеше нотариус, заңгер, адвокат, жеке сот орындаушысы және медиаторлар қоғамдық қабылдау өткізді.
Өткен қабылдауға Қаскелең қаласы, Шамалған, Кемертоған ауылдарының тұрғындары қатысты. Аудан тұрғындары өздерінің толғандырған сұрақтарын қойды. Олар ажырасу мәселесі, алимент, қандас құжат рәсімдеу, несие мәселелері бойынша бірқатар сұрақтарымен келді.
Қабылдауға келген азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Несие мәселесі бойынша медиатор тарапынан аудан тұрғынына алдағы уақытта толықтай құқықтық көмек көрсетілетін болады.
Қабылдау соңында, азаматтарға Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қолдау болған «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.