Жетісу облысыҚоғам

Қазақстанда МИКС зерттеуі төртінші рет өткізілмек

2 қыркүйектен бастап ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мульти-индикаторлық  кластерлік  зерттеу  басталады. Ол  еліміз бойынша 24 мың үй шаруашылығын қамтиды.

Бұл зерттеу осымен төртінші рет жүргізіліп отыр. Бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген. Жалпы мақсат – балалар мен әйелдердің жағдайын бағалау үшін қажет негізгі көрсеткіштерді жинау.

МИКС-қа еліміздің 20 өңірі қамтылатын болады. 2 қыркүйек пен 29 қараша аралығында еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 24 мың үй шаруашылығында сауалнама жүргізіледі.

Айта кетейік, Жетісу облысы бойынша 42 кластердегі 1008 үй шаруашылығына зерттеу жүргізіледі. Оның ішінде қалалық жерде 528  үй  шаруашылығы,  ауылды  мекенде  480 үй шаруашылығы бар.

Сауалнамадан алынған мәліметтер базалық көрсеткіштерді белгілеуге, мақсатты  анықтауға, ұлттық және халықаралық міндеттемелерді орындаудағы прогресті бақылауға мүмкіндік береді.