Көкжөтел – ауа-тамшылы жұғу жолымен немесе қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауру. Көкжөтел спазмды жөтел ұстамаларымен байқалады және жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуымен қоса жүреді. Жұқтыру сәтінен бастап алғашқы клиникалық белгілерге дейін 2 күннен 14 күнге дейін өтеді.
Көкжөтел ерте жастағы балалар үшін өкпе қабынуы, ми зақымдануы немесе басқа да асқынуларымен қауіпті. Науқас алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап 25-30 күн бойы басқа адамдарды жұқтыруы мүмкін.
Көкжөтелдің белгілері:
- Дем алу кезінде ысқырықты дыбыс;
- Кеудедегі жағымсыз сезімдер;
- Тамақтың тітіркенуі;
- Жөтел кезінде ауа жетіспеушілігін сезіну;
- Түнгі уақытта жөтелдің күшеюі;
- Әлсіздік және шаршау;
- Алаңдаушылық;
- Тәбеттің нашарлауы;
- Тыныс алудың қысқа мерзімді тежелуі (кішкентай балаларда).
Көкжөтелді емдеу:
- Балалардағы көкжөтелді емдеу әдетте үй жағдайында жүргізіледі.
- Аурудың ауыр ағымы кезінде және пациент екі жасқа толмаған жағдайда ғана инфекциялық стационарға жатқызу қажет.
- Бала айналасындағылар үшін қауіпті кезеңде үйде оқшаулануы қажет.
- Науқастын бөлмесі жиі желдетілуі керек. Ылғалдандырғыш қондырғыларды орнату жөтелдің жиілігін төмендетеді.
- Дәрігердің нұсқауы бойынша витаминді-минералды кешендерді қабылдау керек.
«Жалпы, көкжөтел тоқтатылатын ауру, Ұлттық иммундау күнтізбесіне сәйкес вакцинациялау арқылы инфекция мен асқынулардан оңай құтылуға болады. Вакцинация жоспар бойынша 2, 3, 4 айда ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі, қолданылатын вакцина – құрамдастырылған, АбКДС (дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге (жасушалы), В гепатитіне, полиомиелитке (инактивтендірілген) қарсы вакцина және гемофилді жұқпаның b типі. Сондай-ақ 1,5 және 6 жаста қайта егу жүргізіледі. Вакцинация көкжөтел инфекциясының алдын алады немесе жеңіл өтуі мүмкін.»,- дейді Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары Индира Кунбасова.
Есіңізде болсын! Көкжөтелдің алғашқы белгілері пайда болғанда дереу емханаға жүгініңіз, дәрігер шақыртыңыз, өз бетінше емделмеңіз.