Медицина

Жетісу облысында кене шағуының 470 жағдайы тіркелді

Жыл басынан бері Жетісу облысында 470 кене шағу тіркелді. Оның ішінде 230 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында орын алды. Кене энцефалитінің эндемиялық аймағына Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары жатады.

Табиғи ошақтардың аумақтарында профилактикалық мақсатта кенелерге қарсы өңдеу жұмысының 1-туры сәуір айында 230га жүргізілді. 2-туры маусым айынан бастап, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында 164 га жүргізілді. Өңдеу жұмыстары ауа райының болжамына байланысты 21 маусымға дейін жалғасады.

Кене энцефалиті – флавивирус Flavivirus туыстастығының  вирустарымен шақырылатын, бас миының және жұлынның зақымдалуымен өтетін, табиғи-ошақтық ауру. Вирус адамдарға, жабайы және үй жануарларына,  соның ішінде сиыр мен ешкі сияқты жануарларға таралуы мүмкін. Вирусты жұқтырудың алдын алу үшін кене энцефалитіне қарсы егу ұсынылады.

«2023 жылы және осы жылдың бес айында облыста кене энцефалиті ауруының жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, масалардың шағуы арқылы басқа безгек сияқты инфекцияларды жұқтыру мүмкіндігі бар. Облыс бойынша Алакөл, Қаратал, Панфилов аудандары және Талдықорған қаласында 150 га көлемде  анофелогенді су айдындары бар.  Безгектің алдын алу мақсатында, безгек масаларына қарсы анофелогенді су айдындарында 3 турмен маусым, шілде, тамыз айларында 150 га көлемге өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні Қаратал, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласында 96га өңдеу жұмыстары жүргізілді және жұмыс жалғасуда. Масалардың шағуынан қорғау үшін жәндіктерге қарсы құралдарды (аэрозольдер, жақпа) үнемі пайдалану ұсынылады», — деп бөлісті Жетісу облысы СЭБД басшысы Асхат Чарапиев.

Related Posts

Медицина

Алматы облысының бас санитарлық дәрігері жаңа жыл мерекесінде қауіп төндіретін тағамдарды атады

Көптен күткен жаңа жыл мерекесі де жақындап қалды. Аталмыш мерекелерді   атап өту әр отбасыға салтқа айналған. Қазіргі уақытта үй иелері үшін бұл мерекелерге дайындық қиынға соқпайды. Себебі, дүкен сөрелерінен азық-түліктің
Медицина

Аскаридоз

Аскаридоз – организмнің аш ішегінің құрт инвазиясымен зақымдануы. Ішек нематодозы (аурудың тағы бір атауы) әртүрлі жастағы және жыныстағы адамдарда климаттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық жерде кездеседі. Дөңгелек құрттар – аскаридалар (атауы
Қоғам

Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундаудың жүргізілуі тұрғындардың денсаулығы үшін маңызды

Әлем бойынша, оның ішінде біздің облыста қызылша инфекциясынан эпидемиологиялық қолайсыздық байқалуда. Сырқаттанушылықтың басым  көпшілігі қызылшаға қарсы егілмей қалған 5 жасқа дейінгі балалар арасында орын алуда, расталған 367 жағдайдың ішінде 57,2%
Медицина

Алматы облысында 156 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 156 мыңға жуық адам, яғни, егілуге жататындардың 92% қамтылды. Атап айтсақ, медициналық қызметкерлердің 91%-ы, 2-3 триместрдегі жүкті әйелдердің 90%-ы, жабық мекемелердегі балалардың 69% -ы, диспансерлік