Жаңалық

Стандартты сақтандыру шаралары

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, кез келген  уақытта шамамен 1,4 миллионға жуық адам медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциядан зардап шегеді. Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекция дегеніміз (бұдан әрі-МКБИ) – бұл ауруханаға жатқызылған пациенттердегі негізгі ауруға қосылатын бактериялық, вирустық, паразиттік немесе саңырауқұлақ тектес кез келген жұқпалы ауру, сондай-ақ пациенттің денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтердің кез келген түрін алуына байланысты және осы мекемелерде жұмыс істеуі салдарынан медициналық ұйым қызметкерінің өз кәсіби қызметінің нәтижесінде инфекция жұқтыру жағдайлары.

Халықаралық медициналық қоғамдастықтың олардың таралуын азайтуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға күш салуына қарамастан, МКБИ науқас қауіпсіздігіне теріс әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып қала береді. Оның үстіне, пациенттерге, медициналық қызметкерге және емдеу мекемелеріне келушілерге зиян келтірумен қатар, MКБИ қауіпсіз және сенімді медициналық көмек ұғымын қатер шегіне қояды деп саналады.

Дамушы елдерде, дамыған елдерге қарағанда МКБИ-дан келетін қауіп 20 есе жоғары болуы мүмкін. Әлемдегі он пациенттің бірінде медициналық көмек алу инфекциямен асқынып кетеді. Жаңа туылған нәрестелердегі өлім жағдайларының үштен екісі МКБИ есебіне жатқызылады. Шұғыл көмек көрсету ауруханаларындағы 100 пациенттің ішінен табыс деңгейі жоғары елдерде 7 пациент және табысы деңгейі төмен және орташа елдерде 15 пациент ауруханада болған уақытта медициналық көмек көрсетумен байланысты, кем дегенде, бір инфекцияны жұқтырады. Қарқынды ем бөлімшелеріндегі пациенттердің 30%-на дейіні МКБИ-дан зардап шегуі мүмкін, осы ретте ауруға шалдығу табыс деңгейі төмен және орташа елдерде, әсіресе, жаңа туған нәрестелер арасында, табыс деңгейі жоғары елдерге қарағанда, 2-20 есе жоғары. Стационарда емделген сепсистің барлық жағдайларының шамамен әрбір төртіншісі (23,6%) медициналық көмек көрсетумен байланысты.

Осы мәліметтерден кейін осы инфекциядан стандартты сақтандыру шараларының қаншалықты өзекті екенін түсінеміз.

Стандартты сақтандыру шаралары – бұл пациенттер мен медициналық қызметкерлер арасында әрі анықталған, әрі анықталмаған инфекция көздерінен патогенді микроорганизмдердің берілу қаупін төмендетуге бағытталған инфекциялық бақылау жүйесі шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар кешені.

Стандартты сақтандыру шаралары барлық медициналық ұйымдарда және медициналық қызметкерлердің бәрі, диагнозға қарамастан, денсаулық сақтау ұйымына медициналық көмекке жүгінетін кез келген пациентке қатысты орындалуы тиіс. Бұл шаралар медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялар жағдайын әлдеқайда төмендетеді.

«Бұл шаралар  науқастарды да, медперсоналды да, оның ішінде геможанаспалы инфекциялар (В және С гепатиттері, АИТВ) қоздырғыштарынан тиімді қорғайды. Ал, стандартты сақтандыру шараларына мыналар жатады: қол гигиенасы, қауіптің ағымдағы бағалауына сәйкес жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, инъекция салу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, респираторлық гигиена және жөтел әдебі, қоршаған кеңістікті тазалау, медициналық киім-кешек, медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою, медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған жабдық қауіпсіздігі», – деп атап өтті Жетісу облысы СЭБД ауруханаішілік инфекцияларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Гульфира Ноғайбекова.

Related Posts

Жаңалық

Алматы облысының ауылдық округ әкімдеріне оқыту семинары өткізілді

Ағымдағы жылдың 28 мамырында Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ұйғыр ауданына қарасты 14 ауылдық округ әкімдері оқыту семинарына қатысты.Семинарға Әділет департаменті, Дін істер басқармасы, Ішкі саясат басқармасы,Талдау және Болжау
Жаңалық

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтіп жатыр, ол экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, аға буын мен ардагерлерді қолдауға арналған. 1000-нан астам ардагерлер мен қарт
Жаңалық

Мемлекет тарапынан газ толтыру пунктеріне субсидия беріледі

Өңірде сұйытылған газды тиімді пайдалану мақсатында, газбен жабдықтау нысандары есепке алынады.Бұл туралы баспасөз мәслихатында газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы