Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Arduino платформасында бағдарламалауды оқытуға арналған инновациялық қосымшаны ұсына отырып, Рizza Pitch стартап-жобалар байқауының жүлдегерлері атанды.
Іс-шараның форматы әдеттен тыс және қызықты болды. IT-Hub JETISU DIGITAL ұйымдастыруымен өткен конкурс, өз идеяларын көрсетуге дайын 20-дан астам қатысушы жинады.
11-сынып оқушылары Ауелбай Айсұлтан, Ақыметұлы Аңсажан, Жайлау Абай мен Бауыржанұлы Ақарыс, NIS Талдықорған командасы қазылар алқасына өзінің бірегей стартап-жобаларын ұсынды.
Бұл біз ойын форматында жасаған Arduino оқыту курсы. Ойыншылар роботты ұсынылған бөлшектерден жинау арқылы тапсырмаларды орындауы керек. Біздің ойынға әртүрлі пәндердің элементтерін еңгізіп, біріктіруге болады және бұл жағдайда біз робототехникаға назар аудардық. Біздің қосымшамыз оқушыларға жаңа білімді қызығушылықпен игеруге және оқуға ынталандыруға көмектеседі, — деп оқушылар пікірлерін білдірді.
Байқау қорытындысы бойынша NIS командасы 100 мың теңге сомасына ақшалай сертификатпен марапатталды, бұл жас стартаперлер үшін елеулі жетістік болды. Сондай-ақ, Зияткерлік мектептің тағы бір командасы – 11-сынып оқушылары Есімбек Арнұр мен Ажден Әлихан 50 мың теңгеге ақшалай сертификат алды.
Бүгінгі іс-шара — бұл біздің стартаптар үшін өздерінің it-жобаларымен бөлісе алатын бейресми алаң. Біз Жетісу облысының дарынды жастарын бір кеңістікте біріктіруге тырысамыз, онда адамдар оқи алады, бірге жұмыс істей алады, танысып, іс — шараларға қатыса алады, —дейді IT-Hub директоры Талғат Аблаев.