Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шыққан еді.
Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін мекеме жұмыс қарқынын ұлғайтып, бүгінгі күні бір жүйеге келтірді.
Атап айтқанда көпқабатты тұрғын үйлердің аумағынан ҚТҚ шығару күн сайын жүргізілсе, ал жеке аумақтардан аптасына бір рет шығарылатын болады. Сондай-ақ, контейнер аумағының 5 метр радиуста тазарту және жаз мезгілінде әр 21 күн сайын дезинфекциялау және жуу жұмыстары жүргізілетін болады.