Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бүгінгі жас өрендерге үлкен міндет.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдаушы «Жаңа Қазақстан – білім беру саласындағы жаңашыл идеялар» атты патриоттық жоба аясында «Bilim orkeniet» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастырумен Елордамыз Астанада өткен «Тәуелсіздік алтын тұғырымыз» республикалық байқауына Жетісу облысы Талдықорған қаласының №14 гимназиясының 10 сынып оқушысы Қазбек Асланұлы қатысып, жүлделі орын алып, арнайы «Тәуелсіздік дарыны» төс белгімен марапатталды.
Республикалық «Тәуелсіздік дарыны» байқауына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100 жуық оқушы қатысты. Жетісулық Қазбек Асланұлы үздіктер қатарынан табылды.