«Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

«Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі  қолдауымен биылғы жылдың қараша айына дейін «Жетісу ділмарлары» пікірсайыс  жобасы жүзеге асуда. Бұл жайлы аталған бірлестіктің  үйлестірушісі Дархан Асқанбаев пен жобаның қоғаммен байланыс жөніндегі маманы Гауфарья Ахметова Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында хабарлады.

Жоба «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты «Облыстық қоғамдық даму басқармасы» ММ тапсырысымен ұйымдастырылған. Аталған іс-шара облыстық төрешілер корпусын қалыптастырып, сонымен қатар, пікірсайысшылардың білім деңгейін арттыруына өз септігін тигізбек.

«Жоба барысында 8 аудандық, 2 қалалық пікірсайыс және төрешілік курстары 10 өңірде өткізбекпіз. Алдағы уақытта өлкеде тұңғыш рет облыстық және республикалық деңгейде турнир өткізу жоспарланған. Жоба аясында 12 әлеуметтік серіктестермен жұмыс істеуді көздеп отырмыз», — дейді Жас Ұрпақ ЖҚБ үйлестірушісі.

Дебат сайысына қатысушылардың жас айырмашылықтары мен қаузар тақырыптарын Гауфарья Ахметова:

«Турнирда мектеп қабырғасындағы оқушылар бақ сынайды. Нақтырақ айтсам облыстық турнир 8, республикалық 9-10 сыныптар аралығында өтеді. 11 сыныптар емтиханға дайындық үстінде болғандықтан бөгет жасағымыз келмеді. Фракцияларға берілетін тақырыптарға келсек, оларға көбіне актуалды әрі  саяси кейстер беруді жөн көрдік. Мәселен 3 қарашаға жоспарланған өңірлік турнирге «Жаңа Қазақстан жастардың көзқарасымен»  тақырыбын алдық. Өскелең ұрпақ не жасайды?… Қалай жасайды?… Қанша уақытта?… сынды сұрақтарға жауап іздеп  шешімін ұсынады. Ондағы  мақсат  – жастардың механизмдерін көру. Ал республикалық турнирге «Ұлы жібек жолындағы ділмарлар» атты тарих төңірегіндегі тақырып таңдадық», — дейді қоғаммен байланыс маманы.

Сондай-ақ спикерлер Жетісу облыстық пікірсайыс турнирінің жүлде қоры 100 000 теңге екенін мәлімдеді. Ал Астана, Алматы, Шымкент, Жетісу, Жамбыл, Абай, Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан өңірлері бақталасатын республикалық сайыс кемінде 200 000 теңге екенін жеткізді.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *