Жетісу облысында дәнді-дақылдардың 80% жиналды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Жетісу облысында егін жинау науқаны 8 шілдеден бастап жалғасуда. Қазіргі уақытта Алакөл, Ескелді және Кербұлақ аудандарындағы дәнді-дақылдардың жалпы көлемінің 80%-ы жиналып, 544 мыңнан астам тонна астық бастырылды. Өңірде жалпы қуаттылығы сағатына 283 тоннаны құрайтын 7 астық кептіргіш жұмыс істейді.

Жетісу облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев атап өткендей, қант қызылшасын жинау жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Жалпы алғанда  615 мың тонна өнім жинау жоспарлануда. Оның 250 мың тоннасы Көксу қант зауытына, 365 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізіледі. Тәтті түбірдің  жиын-терін жұмысына 108  комбайн жұмылдырылды, оның  31-і  биыл  сатып алынған жаңа техникалар.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *