Жетісу облысындағы экологиялық жағдай: ластауыш заттардың көлемі азайды

Арайлым Нұржапар
Disclosure: This website may contain affiliate links, which means I may earn a commission if you click on the link and make a purchase. I only recommend products or services that I personally use and believe will add value to my readers. Your support is appreciated!

Жетісу облысында қоршаған ортаны қорғау бағытында оң динамика байқалды. Өткен жылы ауаны ластаушы заттардың шығарындылары 13,3 мың тоннаға жетіп, бекітілген жылдық лимиттен айтарлықтай төмен болған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Жыл басынан бері Экология департаменті тарапынан 48 нысанға бармай тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 13 объектіде заңбұзушылықтар анықталды. Барлық тексерулер қорытындысы бойынша 35 нұсқама беріліп, оның 20-сы орындалды. Сондай-ақ, азаматтар мен кәсіпорындардың шағымдары негізінде 3,1 млн теңге айыппұл салынды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды.

Жыл басынан бері ғарыштық мониторинг арқылы 243 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, оның 229-ы жойылды. Сонымен қатар, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 7 ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімдерінің орынбасарларына жалпы 664 560 теңге көлемінде айыппұл салынды.

2025 жылға Жетісу облысының жергіліктің бюджетінен 29 су объектісіне, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жұмыстарына 56,1 млн.теңге бөлініп, жұмыс жүргізілуде.

Share This Article
Leave a Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *